АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУДА ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Ақтау қаласында Master SKILLS республикалық байқауы өтті. Семей қаласындағы Технологиялық колледждің аға шебері Елена Григорьева 16 облыс өкілдерінің арасында жүлделі І орын алып, алтын медаль иеленді. Ол «Тамақтануды ұйымдастыру» құзыреті бойынша аспаз біліктілігінен қатысты.

2024 жылғы 14-18 қазан аралығында Маңғыстау туризм колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқауда облыстан үш педагог кәсіби шеберліктерін көрсетіп, олжалы қайтты. «Қонақ үй әкімшілігі» құзыреті бойынша Елена Липатова жүлделі ІІ орын алды. Ал «Мейрамхана қызметі» құзыреті бойынша Зарина Тұрлыбекова және «Сән технологиясы» құзыреті бойынша Әлия Дәуренбекова медальонға ие болды. Жалпы, байқауда үш құзыреттілік бойынша еліміздің әр өңірінен 30-ға жуық педагог сынға түсті.

Абай облысы ББ баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий