Қоғамдағы заманауи тенденциялар балалардың қауіпсіз мінез-құлқының алдын алуға бағытталған іс-шараларды мұқият жоспарлауды, балаларға қарсы қылмыстардың, өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің және аяқталған суицид жағдайларының заманауи статистикасы осы мәселені шешудің жаңа жолдарын іздеуді талап етеді

Бүгін Атырауда «Білім беру мекемелеріндегі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің арасындағы аутодиструктивтік мінез-құлықтың себебін анықтау және психологиялық денсаулығын нығайту» тақырыбында облыстық семинар өтті – деп хабарлайды облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова.

Семинар жұмысына облыстың білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог-психологтары, және сынып жетекшілері қатысты.

Семинарда сөз алған облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманова педагог – психологтарды үнемі ізденіп, жан-жақты дамып отыруға шақырды.

Жиын барысында «Аутодеструктивті мінез-құлыққа бой алдырмаудың шаралары», «Балалар мен жасөспірімдегі депрессивтік бұзылыстар», «Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету аутодиструктивті мінез-құлықтың алдын-алу жолдары», «Өзіңді сақта: Аутодеструктивті мінез-құлықтан ішкі тепе-теңдікке», «Ашу-ыза билегенде не істеу керек?» тақырыптары кеңінен талқыланып, қатысушылардың сауалдарына жауаптар берілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий