“Криптомектеп” білім беру жобасы шеңберінде еліміздің озық пайдаланушылары үшін тереңдетілген курс іске қосылды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Binance Academy қолдауымен Binance Kazakhstan «Криптомектеп» білім беру жобасы шеңберінде Қазақстанның озық пайдаланушылары үшін тереңдетілген курстың іске қосылғаны туралы хабарлайды.

“Криптомектеп» жобасы 2024 жылдың басында іске қосылды және қолжетімді онлайн Модульдер жиынтығы бар негізгі білім беру курсынан тұрды, оның мақсаты жаңадан бастаушыларға блокчейн мен криптовалюта туралы білім беру. Жобаға оқудан өткен 1000-нан астам адам қатысты. Курс аяқталғаннан кейін оларға Binance Academy базалық курсынан өткені туралы NFT-сертификаттар берілді.
Білім беру алаңына арналған оқу материалдарын Binance Academy ұсынады. «Криптомектеп» аясындағы жаңа курстың басты мақсаты – блокчейн технологиясы, орталықтандырылмаған қолданбалар (DApps), орталықтандырылмаған қаржы (DeFi), NFT, криптотрейдинг және т.б. мәселелерінде тереңірек білім беру. Курс 70 модульден тұрады және 2024 жылғы 22 қазанынан 22 қарашасына дейін жалғасады.