Қызылорда облысы: Ақындар айтысы: Тәуелсіздігім – тұғырым

Республика күніне орай облыс орталығының сол жағалауында жаңадан бой көтерген Оқушылар сарайында «Тәуелсіздігім – тұғырым» тақырыбында оқушылар арасындағы ақындар айтысының облыстық кезеңі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Айтыстың ашылуына басқарма басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы қатысып, ұлттық құндылығымыздың ажырамас бөлшегі болған айтыс өнерінің маңыздылығын түсіндіріп, кейінгі ұрпаққа берер тағылымын атап айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

ҚР Оқу-ағарту министрлігіндегі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің «Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени – ағартушылық жобасы аясында басталған ақындар айтысы – еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін, мереке атмосферасын құруға, өз еліне, өзінің кіші отанына мақтаныш сезімін қалыптастыруға, білім алушылардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыруға, ақындардың дәстүрлерін лайықты жалғастыруға мүмкіндік беретін кең ауқымды республикалық акция.

Сайысқа жалпы орта білім беру ұйымдарынан 1158 оқушы қамтылды. Облыстық кезеңде осы айтыстың қалалық, аудандық кезеңінде көшбастаған сегіз ақын бақ сынады. Басты мақсат – ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, эмоционалды интеллекті қалыптастыру, айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнердің баға жетпес мұрасы ретінде дәріптеу арқылы дарынды шығармашыл жастарды анықтауға бағытталған болатын.

Әділ қазылардың құрамында мәдениет саласының үздігі, айтыскер ақын, жырау Рахметов Айдос Сәндібекұлы, ақын, ұстаз Әбді Ержеңіс Тастыбайұлы, облыстық білім басқармасындағы тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының директоры Досаев Фархат Лиясұлы болды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий