Маңғыстау облысы: “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясындағы шаралар

Патриоттық тәрбие беру, өз Отанына деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімін ояту және еліміздің мәдениеті мен тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында мектепке дейінгі ұйымдарда «Мен Отаныммен мақтанамын!» тақырыбындағы арнайы ертеңгіліктер ұйымдастырылды, –  деп хабарлайды Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жалпы білім беретін мектептердің оқушылары «Тәуелсіздік және патриотизм» құндылығы негізінде қазан айының 25-індегі тәуелсіз мемлекетіміздің ұлттық мерекесі Республика күніне орай Қазақстан туралы білімін кеңейтуге, ел тарихын білуге, отанын сүюге, елге, жерге деген патриоттық сезімін ояту мақсатында «Республикам-мақтанышым», «Жасай бер, қазақ елі» тақырыптарындағы мектепішілік апталықтар мен мерекелік іс-шараларға, тәрбие сабақтары мен сынып сағаттарына және челлендждерге белсене қатысты.

Жасанды интеллект арқылы шақыру билеті таратылып, ата-аналармен байланыс орнатылды. Студенттердің патриоттық сезімдерін оятып, отансүйгіштікке баулу, жастарды рухтандыру мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Менің елім-Қазақстан!», «Рақмет саған-Отаным!», «Жаңашыл жастар-ел болашағы!», атты мерекелік топ сағаттары, көркем сөз сайыстары, дебаттар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, «Ерлік сабағы» патриоттық тәрбие сағаты ұйымдастырылып, теңіз жағасындағы «Ұлттық киімдер шеруіне» студенттер мен оқушылар қатысты.

Білім беру ұйымдарының кітапханаларда «Республика – мақтанышым!» атты мәнерлеп жатқа айту челленджі және «Мәңгілік ел – Қазақстан!» тақырыбында мәнерлеп оқу байқаулары өтті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий