Қостанай облысы: Көлік саласы бойынша республикалық байқаудың аймақтық кезеңі
Қостанай автомобиль көлігі колледжінің базасында көлік саласы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында республикалық байқаудың аймақтық кезеңі қорытыланды. Додаға оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері, сондай-ақ облыстың алты өңірінен (Қостанай, Жітіқара, Лисаковск, Рудный, Сарыкөл және Қарабалық аудандары) сарапшылар қатысты, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Байқау үш модуль бойынша (клапандарды реттеу, отын жабдықтары, бензин қозғалтқышының ақаулықтарын жою, оның ішінде теорияны білуге тестілеу, практикалық тапсырмаларды орындау) ұйымдастырылған еді. Үміткерлер жоғары дайындық деңгейін, білім беру процесіне креативті көзқарасты көрсетті. Қорытынды бойынша көлік саласының тәжірибелі мамандарынан құралған сарапшылар үздік педагогтарды таңдады.
Загрузка...Аймақтық кезеңнің жеңімпаздары облыстың атынан республикалық деңгейдегі шешуші кезеңде бақ сынайтын болады. Салтанатты марапаттау барысында әр қатысушыға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылар бұл іс-шаралардың педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін, сондай-ақ түрлі өңірлер мен ұйымдар арасында тәжірибе алмасу үшін маңыздылығын айрықша атап айтты.