Павлодар облысы: Қалалық деңгейдегі сараптамалық кеңес
Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейде облыс орталығындағы қалалық білім беру бөлімінің сараптамалық кеңесінің кезекті отырысы ұйымдастырылды. Бұл білім ордасындағы педагогикалық ұжым үшін білім берудің өзекті тақырыбы мен заманауи трендтерін іске асыру «Білім беру сапасын арттыру мақсатында эмпатия мен оқушылардың сезімін тәрбиелеу, эмоциялық интеллект арқылы үйлесімді тұлғаны дамыту» тақырыбындағы сараптамалық бағалаудың мәні зор болды, – деп хабарлайды Павлодар облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Сараптамалық кеңеске «Өрлеу» ӨИК Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Р. Ашимбетова, Педагогикалық шеберлікті арттыру орталығының басшысы Н. Сарбасов пен бөлім әдіскерлері және қаладағы қырық үш мектеп басшысының орынбасарлары қатысты. Кеңес бағдарламасы тәжірибеге бағдарланған сипатта болды. Пленарлық коуч-сессия аясында ғылыми жетекші, қауымдастық профессоры А. Алиясова тарапынан мектеп-лицейдің оқу-тәрбие үрдісінде бар білім берудің өзекті трендтері таныстырылса, ұстаздар ұжымының жетекшісі Л. Жүсупова мектепті дамыту бағдарламасының өзекті нәтижелерін әңгімеледі.
Загрузка...Мектептің басшының оқу жөніндегі орынбасары Т.Бегежанова жобалық қызмет арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары туралы таныстырылымды көрсетсе, бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Р. Сағымбаев мектептің инновациялық бағытын іске асырудың практикалық нәтижелері, оқушылардың эмоционалдық интеллектісін қалыптастыру және эмпатиясы мен сезімдерін тәрбиелеу бойынша сөз алды. Практикалық сессия барысында қатысушыларға педагогтардың сабақтарына, шеберлік сыныптар мен эксперименттік алаңдарға қатысуға мүмкіндік берілді.