“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы: Мектептерде қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша оқыту енгізілмек

“AMANAT” партиясының білім беру жобасын қамтуды кеңейту жөніндегі Жол картасын іске асыру және Мемлекет басшысының “Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты” Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын іске асыру шеңберінде Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп мектептерде қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша оқытуды енгізу бойынша жұмыс жүргізді.

Бұл бағыт ҚР Оқу-ағарту министрлігінің “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының аясында іске асырылатын болады. Мәселен, 2024 жылғы шілде айының 29-31 күндері аралығында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі білім беру ұйымдарының өкілдері үшін оқыту семинарын өткізді. Конференция барысында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің вице-министрі Оспан Еділ құттықтау сөз сөйлеп, “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы еліміздегі мектеп жасындағы оқушылармен тиімді тәрбие жұмысын жүргізудің маңызды құралына айналғанын атап өтті.

Өз кезегінде Мемлекеттік кірістер органдарының өкілдері “Жеке тұлғаларға салық салу”, “Жалпыға бірдей декларациялау”, “Жеке тұлғалардың банкроттығы” тақырыптарда сөз сөйледі. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың қаржыны тиімді басқарудағы қаржылық сауаттылығын арттыру және мектеп табалдырығынан бастап табыстарын оңтайландыру болып табылады. Бұл олардың негізгі білімі мен ақшаға деген ұқыптылығын қалыптастыруға көмектеседі. Жоғарыда аталған оқыту 5-11 сынып оқушылары үшін жүргізіледі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий