Лисаков қаласының мектепке дейінгі ұйымында педагог мультфильмдер жасау арқылы сөйлеуді түзетудің бірегей әдісі бойынша жұмыс жасайды

Лисаков қаласының білім бөлімімен «Мұрагер» бөбекжайында ашылған «7 Небо» анимациялық студиясы әдіскер Татьяна Яндулованың арқасында пайда болды, ол Лев Выготский атындағы V халықаралық байқаудағы жеңісінен өзінің жеке ақшалай грантын кәсіби жабдықты сатып алуға жұмсады.

Қостанай облысының мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері енді өздерінің мультфильмдерін жасап жатыр. Бұл қызықты процесс балаға өзінің ғажайып тарихын жасайтын кейіпкер болуға мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде сөйлеуді дамытуға және түзетуге серпін береді.

Балалармен өзінің бірегей әдістемесі бойынша жұмыс істейтін балабақша логопед-мұғалімі Ирина Кузьмина былай дейді:

«Мен өз жұмысымда мультфильм екі адамның диалогы емес деген ұраннан шабыт аламын. Бұл бір адамның миллиондаған адамдармен сөйлесуі. Өйткені, балаларға мультфильм жасау – бұл сөйлеуді дамытудың тиімді әдісі, өйткені бұл балаға өте қызықты. Өзіннің мультфильмінді жасау – бұл фантастика ма? Жоқ, бұл қазіргі балаларға қол жетімді ақиқат».

2024 жылғы қаңтарда педагог Алмат қаласында өткен «Инновациялық педагогикалық идеялардың фестивалі» атты республикалық конкурсына қатысты, онда «Балалармен мультипликациялық іс-әрекет, балалардың сөйлеуін түзетудің инновациялық технологиясы ретінде» жұмысын ұсынып жеңімпаз атанды.

Үш жыл бойы тәрбиеленушілер қалалық деңгейден халықаралық деңгейге дейінгі конкурстарға қатысып, көптеген сыйлықтар мен марапаттарға ие болды. Мәселен, «Мұрагер» балабақшасының командасы «Я творю Мир» халықаралық байқауында жеңіске жетті.

Ирина Кузьмина мен Татьяна Яндулованың тәжірибесі Лисаков қаласының басқа да мектепке дейінгі ұйымдарында сәтті жарияланып, балалардың сөйлеуін, қиялын және талантын дамытып келеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий