«Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау – мемлекет саясатының басты басымдығы»: Оқу-ағарту министрі өмірлік қиын жағдайда қалған балалармен кездесті

Жамбыл облысына жұмыс сапары кезінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында болды. Аталған орталықта 102 бала тәрбиеленуде.

Министр орталық жұмысымен және балалардың тұрмысымен танысты. Әр баланың құқығының қорғалуына және қауіпсіз ортаның қалыптастырылуына ерекше көңіл бөлді. Жергілікті атқарушы орган өкілдеріне әдістемелік қызметтер мен өңірлік педагогикалық қолдау орталықтарының қызметін күшейтуді тапсырды.

 

«Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау – мемлекет саясатының басты басымдығы. Еліміздегі әрбір бала өзінің ересектердің қамқорлығында екенін сезінуі тиіс. Ол үшін барлық уәкілетті органдардың өз қызметтерін тиімді атқарып, жергілікті жерлерде жұмыстарды үйлестіруі маңызды. Мемлекет башысының тапсырмасы бойынша биылғы жылдан бастап барлық өңірде Психологиялық қолдау орталықтары ашылды. Психологтардың жұмысын күшейте отырып, балалардың құқықтарының бұзылуымен қатысты жәйттардың алдын алу керек. Бұл ретте балаларды жалпыұлттық құндылықтар рухында тәрбиелеуге бағытталған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізгі рөл атқарады», – деді Ғани Бейсембаев.

Министр орталықтағы балалардың жай-күйіне ерекше назар аударды. Балалар оған өздерінің жетістіктері, шығармашылықтары туралы әңгімеледі. Естеріңізге сала кетейік, соңғы он жылда елімізде балалар үйі мен оның тәрбиеленушілерінің саны айтарлықтай азайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, олар балаларды қолдау орталықтарына трансформацияланды. Елімізде барлығы 36 балаларды қолдау орталығы бар және мұнда 2 мыңға жуық бала тәрбиеленуде.


Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий