Қостанай облысында алғашқы жайлы мектеп оқушыларға есігін айқара ашты

4 қарашада Қостанай ауданының Заречный кентінде облыстағы алғашқы 900 орынға арналған мемлекеттік тілде оқытатын Жайлы мектептің салтанатты ашылуы өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі әрбір оқушының сапалы білімге қол жеткізуі тиіс екенін бірнеше рет атап өткен болатын. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру дәл осыған бағытталған.

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Зәкиұлы Мұхаметқали өзінің құттықтау сөзінде Қостанай жерінің атақты ұлы, ағартушы және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың сөзін келтірді: «Халықтың ағартуы балалық шақтан, мектептен бастау алады. Педагогтердің міндеті – білім беру процесін терең мазмұнмен толықтыру, өз тарихын білетін және болашақта еліміздің игілігі үшін қызмет етуге дайын нағыз патриоттарды тәрбиелеу!»

Педагогтерге, оқушылар мен ата-аналарға ақсақалдар өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Бүгін жаңа мектепте балалардың сабағы басталып кетті. Жалпы құрылысына 5 млрд. теңге жұмсалған №1 Заречный жалпы білім беретін мектебінде сапалы білім беру процесі үшін барлық жайлы және қауіпсіз жағдайлар жасалған.

Мектеп соңғы үлгідегі материалдық-техникалық жабдықтары бар үш қабатты ғимарат, ол заманауи форматта Ұлттық жобаға сәйкес салынды.

Бастауыш, орта және жоғары буынды оқытуға арналған блоктар, әр буын үшін бөлек 3 спорт залы қарастырылған.

Мектепте 100-ден астам оқу кабинеті бар. Оқу зертханаларымен физика, химия, биология пәндері қабинеттері, робототехника кабинеттері мен компьютерлік сыныптар, STEM-зертханалар толық жабдықталған. Оқу кабинеттері интерактивті тақталармен, шетел тілдері кабинеттері – лингафондармен жабдықталған.

Оқушыларды жан-жақты дамыту үшін балалар көптеген пайдалы дағдыларды игере алатын жаңа шеберханалар бар.

Әмбебап акт залы конференц-залға немесе өнер студиясына айналуы мүмкін. Оқу залы бар кітапхана, оқушылар мен мұғалімдерге арналған ыңғайлы коворкинг аймақтары, жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету – осының бәрі сапалы білім алу және балалардың таланттары мен қабілеттерін дамыту үшін оқу кеңістігінде қолайлы жағдай жасайды.

Мектеп ауласының аумағы тыныш ойындар үшін де, белсенді және мобильді ойындар үшін де абаттандырылған.

Мектеп ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға бейімделген, қауіпсіз білім беру ортасы құрылған, азаматтардың аз қозғалатын тобына бейімделген: пандустар, тұтқалар, нашар көретіндерге арналған ескерту жүйелері, таблолар мен көрсеткіштер бар.

Әлеуметтік әсер де маңызды: мектепте мұғалімдер мен техникалық қызметкерлер үшін 100 тұрақты жұмыс орны құрылды.

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында облыста 4500 орындық 6 мектеп: Заречный ауылы, Арқалық және Рудный қалаларында, Құсмұрын ауылында және облыс орталығының белсенді дамып келе жатқан «Аэропорт» және «Береке» шағын аудандарында екі мектеп салынуда.

Бұл оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешуге, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу және дамыту үшін қолайлы және заманауи жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий