“АТЫРАУ ЖАҢА МЕКТЕБІ”: БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ТОЛҚЫНЫ – БАСҚАРУШЫЛЫҚ КОМАНДАЛАРДЫҢ КӘСІБИ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ БАСТАЛДЫ
Бағдарлама 2024 жылдың қарашасынан 2025 жылдың сәуір айына дейін жалғасады және қатысушыларға заманауи білім беру жүйесін басқарудың тиімді менеджмент құралдары мен әдістерін ұсынады.
Бағдарлама барысында Атырау мектептерінің директорлары Сингапур, Финляндия, Мәскеу, Түркия, Еуропа және Азия елдерінің 40-тан астам сарапшылары мен Үздік мектеп директорларының тәжірибесімен танысады.
Бағдарлама мектепті басқарудың жаңа модельдерін қолдану мен білім беру ұйымының стратегиялық бағытына сай деректер негізінде мектепті дамыту бағдарламасын іске асыруды көздейді.
Бағдарлама 7 модульден тұрады, 5 модуль бетпе-бет оқыту форматында өткізіледі, ал 2 модуль – білім беру ұйымының басқарушылық командаларының озық отандық және шетелдік мектептер тәжірибесін зерделеуге мүмкіндік беретін практикалық тағлымдамалар.
Тағлымдамалардың ерекшелігі:
Бірінші тағлымдаманың мақсаты PISA халықаралық зерттеулерінің нәтижесі бойынша алдыңғы қатарда тұрған елдер Эстония мен Финляндияның білім беру жүйесімен танысу. Қатысушылар екі елдегі үздік деп танылған алты мектеп базасында оқу бағдарламаларының ерекшеліктері, оқытуды басқару жүйесі, педагогтердің кәсіби даярлығы, адами ресурстарды басқару, ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды оқуға тарту мәселелерін мектеп директорлардың шеберлік сағаттарында бірлесе талқылайды.
Екінші тағлымдама барысында бағдарлама қатысушылары Қазақстандағы жаңа оқу модельдерімен танысады. High Tech Academy, Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп, Tamos Space School мектептерінің ерекшеліктері, оқыту бағдарламалары мен басқару жүйесін зерделейді.
Бағдарлама қатысушылары сонымен қатар, “Қазақстан мектебін басқару” симулятор ойыны арқылы практикалық кейс шешуге қатысады, бекітілген тәжірибелі менторлармен бірге мектептің даму бағдарламасын құрастырады.
Загрузка...