Атырау облысының Білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов “Қазақия” қоғамдық қорының директоры Жанар Әбіш өзара ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМҒА қол қойды – деп хабарлайды облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова

Меморандум ұлттық мұраны насихаттауға бағытталған жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Меморандум аясында шығармашылық шеберлік сыныптары, семинарлар мен тренингтер өткізіліп, балаларға арналған білім беру және мәдени бастамалар қолға алынады.

– Ұрпақтың бо­йына қайырымдылықтың, ізгіліктің дә­нін себу ұлттық тәрбиемізден бастау алады. Балаларымызды ұлттық тамырынан ұзатпай салт-дәстүр, таным-түсінігімізді барынша сауатты түсіндіру баршамыздың міндетіміз. Екі жақты келісім-шарт білім саласында ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға зор ықпалын тигізеді деген сенімдемін – деді басқарма басшысы Марат Әбуов.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий