АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ КАБИНЕТТЕРІ АШЫЛДЫ

Облыстың мектептерінде инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерінің желісі кеңейтілді. Семей қаласының №45 және №19 мектептерінде, Бесқарағай ауданы Қ.Рысқұлбеков атындағы мектеп пен Аягөз ауданы №1 мектепте ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін жаңа 4 инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті ашылды. Облыс бойынша инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерінің саны артты.

Бұл кабинеттердің негізгі мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін балаларға оқу барысында психологиялық және педагогикалық қолдау көрсету. Кабинеттерде 400-ге жуық бала білім алады.

Инклюзивті білім беру кабинеттерінің материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жабдықталған. Оқушылардың ұсақ моторикасын дамытуға, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған арнайы құралдар қойылған. Әр кабинеттің жұмыс орны оқушыларға ыңғайлы етіп ұйымдастырылған. Сабақ кестесіне сәйкес психологтар, арнайы педагогтер және әлеуметтік педагогтер оқушыларға білім беру үдерісінде көмек көрсетіп, оларды мектеп ортасына бейімдеуге көмектеседі.

Облыстың 18 мектебінде барлығы инклюзивті білім беру 18 кабинет жұмыс істейді.

Абай облысы ББ баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий