Қыздар педагогикалық университетіне – 80 жыл! Кәсіподақ – қорғаным

Әлбетте,  кез-келген мемлекеттің ең басты байлығы – адамы ғой, бұл біздің басты құжатымыз Конституцияда да анық көрсетілген. Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Президент: «Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс,- деп атап өтті. Яғни, еңбекқорлық, кәсібилік қасиеттері жоғары адал азаматтардың мәртебесін көтеру керектігіне баса назар аударуға шақырды.

Бұл тұста, бұл бағытта еліміздің білім саласындағы қызметкерлеріне Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының құқықтық, қаржылық, тіптен моральдық тұрғыдан бірден-бір қамқоршы ұйым болып табылатындығы бүгінгі күннің шындығы. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ұжымы да Президент Жолдауындағы бастамаларды толығымен қолдай отырып, үздіксіз оқу үрдісімен мамандарымыздың білім беру саласында жан-жақты іздене отырып, еңбектенуіне, олардың кәсіби өсуіне, біліктілік деңгейін арттыруына, мемлекет қолдауымен, салалық кәсіподақпен бірлесе отырып, бар мүмкіндіктерді іске асыруда.

Жолдаудағы баса көрсетілген мәселелер қатарында денсаулық, бұқаралық спорт, экология, көгалдандыру,  «Таза Қазақстан» ақциялары аясында еңбек адамына қолдау көрсету, әлеуметтік осал отбасыларға көрсетілетін көмектің әділ, ашық, тиімді болу қажеттігіне баса назар аударылғандығын ескерсек,  бүгіндері өзінің 80 жылдық торқалы тойын атап өтіп жатқан университетімізде де қарапайым еңбек адамын қолдау үрдісі кең өріс тапқан деп қуана да, мақтана да айтсақ, артық болмас.  

Қызметкерлері мыңнан асатын үлкен ұжымның қарапайым күзетшісі, жатақхана менеджері, медбикесі, паспортисінен бастап профессор-оқытушылар құрамына дейінгі, ұзақ жылдар бір жерде, бір ұжымда, адал еңбегімен қарапайым тіршілігін жасап, адал нанын тауып жүрген қызметкерлеріміз ұжымдық шарт негізінде әкімшілікпен келісе отырып кәсіподақ тарапынан  әлеуметтік қолдауға әрі қорғауға ие болуда.

Мысалы, биылғы жылдың өзінде, еліміздің алдыңғы қатарлы сауықтыру орталықтарына жүз пайыз тегін төлеммен «Көктем», «Щучинск» санаторийлеріне сексен жолдама берілді. Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында 2024-2025 оқу жылында балалары бірінші сыныпқа баратын  21 қызметкерге жиырма мың теңге қаржылай көмек пен оқушыға қажетті құралдар сыйлықпен берілсе, қараша айында әлеуметтік көмек көрсетуді қажет ететін қызметкерлер мен  көпбалалы отбасыларға, жас аналарға, ал олардың саны қырық төрт болып отыр, 30 000 теңге көлемінде әр адамға қаржылай көмектесу шарасы  іске асырылды.

Ләззат Махайқызы ӘДІЛБЕКОВА,
“Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық
университеті қызметкерлерінің жергілікті
кәсіптік одағы” ҚБ төрағасы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий