Қыздар педагогикалық университетіне – 80 жыл! Жастық шақтың жалыны

Осы жоғары оқу орнындағы физика-математика факультетінің бірінші курсына, бес группаға 125 студент, яғни 1,2,3 математика группасына жетпіс бес студент, физика 4,5 группасына елу талапкер қабылдандық. «Көшесінде Гогольдың», – деп ақын жырлаған, сазгер әніне арқау болған КазГосЖенПИ студенті болып, қуанышымызда шек жоқ. Масанчи көшесіндегі №3 жатақханадан бөлме алдық. Қыркүйектің бірі күні Алматы облысы, Шелек ауданы, Тескенсу ауылына, ауыл шаруашылық жұмысына темекі жинау және тігуге келдік.

Кураторымыз Сәуле Базарбаева апай: Россия – Куйбышевтан – Жібек Мурзалиева, Новосибирскіден – Сапа, Томскіден – Гүлсім Жұматаева, Өзбекстаннан – Гулжиһан Сапарова, Шевченкодан – Жанат Қазиева, Талдықорғаннан – Аққайша Алчинбаева, Қостанайдан – Қымбат Жапарова, Ақтөбеден – Зейнеп Нуржанова, Целиноградтан – Шорина Мариям, Көкшетаудан – Күлжиян Қапажанова, Қарлығаш Каналиева, Балқаштан – Зулиха Шулакова, Қызылордадан – Кулзипаш Капина, Өскеменнен – Гүлсін Қасымханова, Павлодардан- Бану Қасымжанова, Алматыдан- Күлпаш Алтыбаева, Нұрсұлу Айтақынова, Роза Бексұлтанова, Халидам Құрбанова, Рахилям Аширова, Айсара Зықаева, Жұмагүл Омарова, Нұршаш Рахметова – деп кімнің қайдан екенімізді, аты- жөнімізді осылай таныстырған.

Жиырма бес қыздың таныстығы, достығы бір- біріне деген құрметі осылай басталды. «Бірінші группа» – деп бір- бірімізді іздеп түгендейтін болдық. Бір айда өте шықты. Сабақ басталды. Ертеңгісін оқимыз, екі пардан үш сабақ. Институт кітапханасына барамыз. Кітаптарды көбінесе Сейфуллин Гоголь көшелерінің қилысындағы Букинист- кітап магазинінен аламыз. Кеңес ақшасының қырық бес сомдық стипендияның 33 сомын тамаққа ұстайды. Он екі сомды тек сессияда 4 пен 5- тік баға алғандарға береді.

Он екі сом біз үшін үлкен ақша еді. Ұқыпты ұстап, жинап, үйге базарлық алатынбыз. Асханамыз  екі қабатты, өте әдемі еді, сәулеті «Неке қию» сарайына ұқсайтын. Асхана сол кездегі Иссык, Казахстан, Алатау ресторандарынан кем емес еді. Қыздар әдемі, сәнмен киініп келіп, өздерін мәдениетті ұстайтын. Дауыс көтеру, қатты күлу дөрекі саналатын.  

Бақшагүл Қадірбекқызы МАНКЕЕВА,
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің
1975 жылғы түлегі, ҚР Білім беру ісінің құрметті
қызметкері, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Алматы
облысы, Ұйғыр ауданының құрметті азаматы, зейнеткер

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий