Қыздар педагогикалық университетіне – 80 жыл! Елу жылдан соң болған жүздесу

Елу жылда ел жаңа демекші, бәріміз де тағдыр деп аталатын өміріміздің белестерін басымыздан өткіздік. Осы кездесу аясында тарихта қалар сәттерді қағаз бетіне түсіріп, өміріміздің ең қызықты да аяулы күндерінен жазу үшін, араласып жүрген құрбыларымнан алған мәліметтерді пайдаланайын деп отырмын. Яғни, білім ордамыздан алған тәлім-тәрбиемізді өмірімізде қалай іске жараттық, қандай белестерді бағындырып, қандай қоржынмен келдік дегендей, сан сұрақтардың жауабы болсын.

?

Бір жылда факультетке түскен алты топтың бесінші, алтыншы тобында болашақ физика мүғалімдері білім алдық. Біздің алтыншы топта жиырма бес студент оқыдық. Бүгінгі таңда, араласып жүргеніміз он бес шақтымыз. Өмірден жастай озған Мейіргүл Тастанбекова деген құрбымыздан басқамыз аман-есенбіз. Тобымыздан ерекше озып бәйге алған десем де болады, Семейлік жерлесім Айгүл Орынбаева, «Лениндік стипендиат», қызыл диплом иегері болды. Институттың абыройы үшін, қоғамдық жұмыстарға араласып, пайдалы тәжірибе жиғандары да баршылық.

Спорт, өнерді қатар меңгергендер де болды. Атап айтсам, Рахимова Жаңыл, Тоқсеитова Күлтай, Токанова Сара. Барлығымыз жолдама бойынша ауылдарымызға барып, еңбек жолын бастадық. Жағдай басқаша еді, қазіргідей болса ғылыммен айналысар ма едік, кім білсін? Таңдау болмаған соң, қолымызға тиген жолдама бойынша кете бардық. Ең өкініштісі Айгүліміз де көптің бірі болып, елге кете барды, одан бері институтымыздың статусы өзгерді, университетке айналып, өрісі кеңейді. Қазіргі жастарға мүмкіндік көп, магистратура, докторантурада оқу, ғылыммен айналысамын десе де жол ашық, барша жағдай жасалған, таңдау еркі бар кеңшілік заман ғой.

Біздің ұстаздарымыз ректор К.Құнантаева бастаған Ұ.Ж.Жадраев, А.С.Садықов, Ә.Н.Жаналиева, С.Ургалиева, Н.Ильясов, С.Қ.Мұхтаров, А.Жамалов бізге бар білімі мен тәлімін берген асыл азаматтар болды. Жақыпбек (Станбекова) Рысалды Аюбайқызы: жоғары оқу орнын бітіріп келіп, 1974-1976 жылдары Абай ауданының Шыңғыстау мектебінде физика-математикадан сабақ бердім. 1976 жылы тұрмысқа шығып, Павлодар облысының Лебяжі ауданының Лебяжі орта мектебінде 1995 жылдың тамызына дейін жұмыс істеп, қазақ сыныптарына физика, математика, информатика пәндерінен және бастауыш сыныптарда сабақ бердім.

Айкамал БИГАЛИЕВА,
Қыздар университетінің 1974 жылғы түлегі,
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі
физика кафедрасының аға оқытушысы (1986-1997),
титан-магний комбинатындағы орталық
зертханасының инженер зерттеушісі (1997-2011),
зейнеткер, Өскемен қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий