Біртұтас тәрбие: нәтиже мен әрекеттер – Байыпты бағдарлама – сарқылмас тәрбиенің көзі

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын мақсат-міндеттерінің ең бастысы-қоғамда өз орнын таба білген саналы, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде негізгі құндылықтарға тоқталды: «Тәуелсіздік және Отаншылдық», «Бірлік және ынтымақ», «Әділдік және Жауапкершілік», «Заң және Тәртіп», «Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік», «Жасампаздық және жаңашылдық».

ҚР Президенттің тапсырмасы аясында биыл салалық министрлік өскелең ұрпақтың бойына аталған құндылықтарды сіңіруге  бағытталған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын енгізді. Бағдарламаны өңірімізде іске асыру жолдарын оқытуға арналған арнайы семинар барысында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі» тақырыбында тренерлерді даярлау оқытуға өңірімізден тоғыз педагог қатысып, сертификатталды. Облыс бойынша осы бағдарламаны іске асыру мақсатында жобалық кеңсе құрылып, жұмыс жоспары бекітілді.

Жоспар негізінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру мақсатында білім ордасының басшылары, тәрбие ісінің орынбасарлары, аға тәлімгерлер, әдістемелік кабинет әдіскерлерімен облыс көлемінде семинар ұйымдастырылды. Ахмет Байтұрсынұлының: «Мойындағы борышты білу – білім ісі, борышты төлеу-адамшылық ісі», – ұлағатты сөзін темірқазық ретінде ұстанған бала тәрбиесінің шамшырақтары игілікті істі жалғастыруда. Облыстық білім  басқармасының қолдауымен қала және ауданның мектептеріне  қосымша бағдарламаны іске асырудағы туындайтын мәселелерді анықтап, шешу жолдарын меңзеп, жүйелі іске асырудың тимімді тетіктерін нақтылауға байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының апта сайынғы шаралары әр білім ордасында бастау алды. Апта сайын «Менің Қазақстаным» -оқу аптасының басында білім алушылар мемлекетіміздің Әнұранын орындайды. «Апта дәйексөздері» -бүкіл білім беру ұйымның оқу және оқудан тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері, LED – экрандарда, сынып тақталарында  орналастырылды. «Қауіпсіздік сабағы» – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін қаматамасыз ету бағытындағы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру немесе әңгіме өткізілуде.

«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» үзіліс кезінде білім алушылар бос уақытын – асық, тоғызқұмалақ, бес тас, «Күй күмбірі»  қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау, «Үнемді тұтыну» суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру: жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар әзірлей отырып және «Өнегелі 15 минут» ата-аналардың баласымен мінез-құлық және адамгершілік туралы 15 минут жеке әңгімелесуді білім ордалары «Жасанды интеллект» ұштастыра күнделікті жүргізілуде. «Тәрбие – ұлт пен мемлекеттің болашағын айқындайды», – демейді.

Демек болашағынан зор үміт күтетін, елдің тұтқасы болар бала көргіміз келсе, қоғамның берер бағыт-бағдары да зор екенін ескере отырып,  бағдарламаның жалпы мақсаты мен міндеті жөнінде қоғамды ақпараттандыру жұмыстары да жан-жақты іске асырылды. Халық радиосында және «Ел арна» тікелей эфирінің «Жаңа күн» бағдарламасында сұхбат берілді. Қазіргі қоғамда орын алған вейп, нашақорлық, лудомания, вандализм, діни экстремизм, буллинг, зорлық-зомбылық, ысырапшылдық –түрлі кеселдердің алдын алудың бір жолы тәрбиенің қайнар көзі – бала бойына рухани құндылықтарды сіңіру.

Жас буынға мейірімділік пен жалпыадамзатқа ортақ ізгілікті, табиғатқа  деген сүйіспеншілікті де құятын, бойына нәр етіп сіңіретін – отбасы ошақ қасы. Осы орайда,  «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы  негізінде ата-анамен ынтымақтастықта жұмыс жасау, ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету жұмыстары да нақты жоспарланып, жүйелі жүргізілуде.  Ұрпақ мәселесі –қай кезде де маңызды мәселе. Бала тәрбиесіне ата-ана да, мектеп те, қоғам да бірдей жауапты дей келе, бала тәрбиесіндегі саналы істердің бастамасы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын қоғам болып іске асыру –абзал. 

Гульсум Бакебаевна РАМАЗАНОВА,
Білім басқармасындағы тәрбие жұмысы
мен қосымша білім беру бөлімінің
бас маманы, Павлодар облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий