Ұлы ағартушы мұрасы – ұрпаққа аманат!
2024 жылдың 13 қарашасы күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ жұмыс жоспарына сәйкес, Ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің Торғай өңірінде мектеп ашқанына 160 жыл, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гиназия –интернаты» КММ ашылғанына 140 жыл толуына орай «Ы. Алтынсарин мұрасы: дәстүр мен инновация сабақтастығы» атты облыстық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Р. З. Мұхаметқали, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Д. Ж. Сюндикова, «А. Байтұрсынов атындағы» ҚӨУ, Арқалық педагогикалық институтының ректорлары мен ғалымдары, Жангелді ауданы әкімінің орынбасары мен делегация өкілдері, Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі мен Қостанай педагогикалық колледжінің директорлары, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп – гиназия –интернаты» КММ директоры мен ұжымы, Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беру мектебінің директорлары, ұстаздар қауымы, Ы. Алтынсарин төсбелгісінің иегерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты іс-шара облыс әкімі орынбасарының құттықтау сөзімен ашылған соң, пленарлық отырыста баяндама жасаған ғалымдар мен баяндамашылар ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығына қатысты тың деректерді келтіріп, педагогикалық идеяларын кеңінен насихаттады.
Пленарлық отырыстан соң аға буын өкілдері ұлы ағартушының кесенесіне барып рухына құран бағыштаса, шығармашыл ұстаздар қауымы секциялық отырыстарда баяндама жасап, өзара тәжірибе алмасты.
Тағылымы мол іс-шара Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейі» КММ жалғасын тапты.
Ұлы ағартушының өмірі мен шығармашылығына қатысты жәдігерлерді көпшіліктің назарына ұсынып насихаттаған облыстық мемориалдық музей қызметкерлері мен Арқалық педагогикалық ұжымы жиналған қауымның ыстық ықыласына бөленді.
Жалпы, қорыта айтқанда Қостанай облысының жұртшылығы қазақ елін білім нәрімен сусындатқан ұлы тұлғаны лайықты деңгейде ұлықтап, құрмет көрсетті.
Загрузка...