Алматы: Білім – Қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталықтың жобалары

«Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды» іске асыру жөніндегі жол картасы шеңберінде 2023 жылғы шілдеде қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталық құрылды. Орталықтың мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдарға заманауи, инновациялық технологияларды енгізу, мектепке дейінгі білім берудің сапасын арттыру және трансформациялау. Қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталықтың тұжырымдамасы мен ережесі әзірленіп, бекітілді.

 

Алматы қаласы әкімдігі және білім басқармасының қолдауымен, 2023 жылдың 21-31 шілдесі аралығында Алматы қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының 25 басшысы Сингапурда шетелдік тағылымдамадан, 10 басшы 21-26 қараша аралығында Англияда шетелдік тағылымдамадан өтті. Басшылар халықаралық үлгідегі сертификаттарға ие болды. «Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің өкілдері үшін мектепке дейінгі білім беру және оқыту (Сингапур) және Ұлыбританияның білім беру жүйесінің стратегиясы мен практикасы» шетелдік тағылымдамасы кезінде басшылар заманауи білім беру кеңістігімен, жасанды интеллект технологияларымен, мектепке дейінгі білім берудің әдістері мен тәсілдерімен танысты.

Шетелдік тағылымдама нәтижелері бойынша қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталық Алматы қаласының 34 мектепке дейінгі ұйымдарында «Қайта жүктеу: халықаралық деңгей» инновациялық жобасын әзірлеп, іске асыруда және инновациялық-педагогикалық тәжірибенің электрондық банкін қалыптастырды. Жобалардың негізгі мақсаты: Сингапур мен Англия балабақшаларының үздік іс-тәжірибесін енгізу.

Сингапур және Англия тәжірибесі бойынша жобаларды іске асыратын мектепке дейінгі ұйымдардың ата-аналарымен 72 сұхбат, жобалық басқару тәжірибесімен алмасу бойынша 17 қалалық және 32 аудандық семинар өткізілді. Жобаға 2425 ата-ана, 1617 тәрбиеленуші, 107 педагог қамтылды. Жалпы жобалар ата-аналарды білім беру процесіне тартуға бағытталған. Қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталықтың жылдық жоспарына сәйкес, маусым айында мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары арасында «Эрудит» зияткерлік ойынын өткізді.

«Қайта жүктеу: халықаралық деңгей» жобалары бойынша тағылымдама алаңдарын, «Алматы қаласының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы жобалық қызмет» тақырыбында тәжірибе алмасу бойынша республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияны ұйымдастыру жоспарланған болатын. Бұл іс-шараға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім департаменті, «Балаларды ерте дамыту институты» РММ, Алматы қаласы Білім басқармасы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы, «Teachers lab» ЖШС, «Dastar pte ltd» компаниясы өкілдері және 17 өңірден 300-ден астам мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері мен педагогтері қатысты.

№1 бөбекжай-балабақшасы «Кішкентай зерттеушілер» жобасын жүзеге асыру барысында балаларға танымдық қызметті дамыту, олардың білуге деген құмарлықтарын арттыру және серіктестік пен өзіндік ізденіс дағдыларын қалыптастыру мақсатында сүт өнімдерін зерттеу іс-шаралары ұйымдастырылды. Балалар сүт тағамдарының жасалу жолдары мен технологияларын үйреніп, тәжірибелер арқылы осы процестердің қалай өтетінін өз көздерімен көріп, теориялық білімдерін практикада тексерді. №21 санаториялық бөбекжай-балабақшасы «Білгенге маржан» жобасы арқылы балалардың қиялы мен эстетикалық талғамын дамытып, күнделікті өмірге әсемдік қосуға қабілетін арттырады.

Қолөнершілердің ортасы көбінесе табиғатқа негізделген қалдық материалдарды пайдалану арқылы іске асады. №26 сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы балабақшадағы «Қолөнершілердің пайдалы ортасы» жобасы аясында балалар түрлі табиғи материалдармен жұмыс істей отырып, табиғаттың сұлулығын сезініп, оны құрметтеуді үйренеді. Сондай-ақ, №31 бөбекжай-балабақшасындағы «Табиғат қорғаушылар» жобасы экологиялық тәрбиені жақсарту мақсатында маңызды қадам болып табылады.

Бұл жобаларға қатысу арқылы балалар табиғатты зерттеп, оны тереңірек түсінуге мүмкіндік алады. Осылайша, жердің табиғи ресурстарын сақтау мен қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімі балалардың болашақта жеке тұлға ретінде қалыптасуына зор әсер етеді. №55 бөбекжай-балабақшасы жүзеге асырған «Анимация құралдарының көмегімен жасалған мультфильмдер» жобасы баланың ойлау қабілетін, тіл байлығын, сонымен қатар сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған маңызды бастама саналады.

Түзеу үлгісіндегі сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған №66 бөбекжай-балабақшасының «Қазақшаң қалай, балақай?» жобасы балада мемлекеттік тілге қызығушылықты қалыптастыруға ықпал етеді. Ал, №72 бөбекжай-балабақшасының «Творческая мастерская» жобасы аясында балабақша тәрбиеленушілерінің шығармашылық қабілеттері мен эстетикалық талғамы қалыптасады. №76 бөбекжай- балабақшасындағы «Экологиялық тәрбие» жобасын жүзеге асырудың жүйеленген жолдары мен тәсілдері ұсынылады.

№84 бөбекжай-балабақшасы «Табиғат және біз» жобасын жүзеге асыру барысында мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық санасы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында олардың экологиялық білімін кеңейтудің тікелей табиғатпен қарым-қатынас жолымен жүзеге асырудың жүйеленген мазмұны, әдіс-тәсілдері, балаларда қоршаған ортаны күту және қорғау қажеттілігі сезімін оятудың жүйеленген жолдары ұсынылады.

№102 бөбекжай-балабақшаның «Балабақша кітапханасы» жобасы балабақша мен отбасы арасында мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту процесіне деген ортақ мақсаттар мен көзқарастарды қалыптастыруға ықпал етеді. №123 арнайы бөбекжай-балабақшасында «Будь природе другом!» экологиялық іс-шараларын өткізу экологиялық тәрбие беру ісінде, әсіресе мектепке дейінгі жастағы балалар үшін, маңызды рөл атқарады.

№125 бөбекжай-балабақшаның «Мектепке дейінгі балалардың ата-аналарымен ынтымақтастық арқылы әлеуметтік дағдыларын дамыту» жобасы балабақша мен отбасы арасында мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға қатысты ортақ мақсаттар мен көзқарастардың бірлігін орнатуға ықпал етеді. Ал, №147 бөбекжай-балабақшасы «Ертегілер еліне саяхат» жобасы аясында балалардың қиялын ұштап, оларды шығармашылыққа ынталандырады. Ертеңгі күннің кейіпкерлері мен оқиғалары арқылы балалар өз ойларын еркін әрі шығармашыл түрде білдіруге үйренеді.

№186 бөбекжай-балабақшада «Социализация детей дошкольного возраста путем интеграции и командных игр» жобасын жүзеге асыру барысында бірқатар міндеттер шешіліп, қосымша әсерлер байқалады. Бұл балалардың бір-біріне көмек көрсету, қолдау білдіру, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, мейірімділік, сүйіспеншілік қасиеттерді дамытуға ықпал етеді – бұл да балалардың социализациясы үшін маңызды критерийлер болып табылады.

№186 бөбекжай-балабақшаның «Үштік одақ – бала бақыты» жобасы ата-аналар, педагогтер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған іс-шараларды қамтиды. Бұл кезеңде негізгі назар балалардың зияткерлік және әлеуметтік дағдыларын дамытуға, ата-аналармен бірлесе отырып тәрбие жұмыстарының нәтижелілігін арттыруға, сондай-ақ балабақша мен отбасының арасындағы байланысты күшейтуге ықпал етеді. Сонымен қатар, жобалық қызметтің нәтижелерін, педагогтердің жұмыстарын және әдістемелік құралдарын, сондай-ақ «Алматыкітап баспасы» оқу-әдістемелік кешен өнімдерін көрсету мақсатында көрме ұйымдастырылды, көрмеден жоба жетекшілерінің балабақша тәрбиешілеріне арналған әдістемелік оқу құралдары да орын алды.

«Санның сыры мен қырлары» №69 бөбекжай-балабақшасы, «Табиғаттың жас эко-сақшылары» №31 бөбекжай-балабақшасы, «Балабақша – дамытушы жайлы орта» №184 бөбекжай-балабақшасы жұмыстары жарық көрді. №10 бөбекжай-балабақшасы «Лэпбук – жоба әдісінің әртүрлілігі»; №69 бөбекжай-балабақшасы «Ағаш фишкаларынан жасалған логикалық ойындар»; №72 бөбекжай-балабақшасы «Мектепке дейінгі балалар фантазиясы»; №76 бөбекжай-балабақшасы «Ұлттық құндылықтар арқылы ойын және логика»; №101 бөбекжай-балабақшасы «Жүн акварель» балалар мен ата-аналардың киізден жасаған жұмыстары; №116 бөбекжай-балабақшасы «Балалар бақшасы – Йохокуб құлпы» тақырыптарында жобалық қызметтің өнімдерін дайындау бойынша тәрбиешілер балалармен шеберлік сыныптарын өткізді.

№10 бөбекжай-балабақшасы «Лэпбук» жасау – әдісі ретінде; №69 бөбекжай-балабақшасы «Ағаш және бала»; №72 бөбекжай-балабақшасы «Акрильмен сурет салу»; №76 бөбекжай-балабақшасы «Ұлттық құндылықтар арқылы «ойын және логика» зертханасы; №101 бөбекжай-балабақшасы «Киіз басудың дәстүрлі техникасы»; №116 бөбекжай-балабақшасы «Steam» технологиясы эко-конструктор «Йохокуб» көрмелерін ұйымдастырды. Іс-шара барысында барлық қатысушыларға сертификат берілді. 2024 жылы қазан айында Еуропа елдерінде (Польша, Германия) 20 әдіскер және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде (Малайзия, Қытай) 20 басшы шетелдік тағылымдамадан өтті.

Ләйлә РАЙМОВА,
Алматы қаласындағы
ресурстық орталықтың әдіскері

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий