Іссапар: Маңғыстау облысында кәсіподақ мүшелерімен кездесу

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Айгүл Мұқашева жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында болды. Жұмыс сапары аясында Айгүл Мұқашева облыстық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ активімен кездесті, өңірде жаңадан ашылған төрт мектеп ғимаратымен танысып, еңбек ұжымдарымен жүздесті.

Маңғыстау облысына жұмыс сапарының бағдарламасы Ақтауда биыл ашылған Оқушылар сарайының қызметімен танысудан басталды. Оқушылардың қосымша білім алуына, жан-жақты дағдыларын дамытуға арналған орталық бес мың бала қабылдай алады. Нысанның жалпы аумағы 3,6 га құрайды. Оқушылар сарайының басшысы Жанаргүл Жұмашева орталық қызметі туралы ақпарат берді. «Орталықтағы үйірмелер 7 бағыттан тұрады. Оның ішінде қазір спорттық, IT саласы, ән үйірмелері, заманға керек, мамандықты таңдау үшін арналған үйірмелер, Web дизайнер, Web ландшафт дизайнері сияқты үйірмелер сұранысқа ие болуда», – деді Жанаргүл Жұмашева.

Ғимарат ішінде спорттық-техникалық аймақ, модельдерді сынауға арналған кордодромдар және зымырандар ұшыру алаңы, тынығу аймағы бар. Сондай-ақ, сурет, фото және видео шеберханалары, хореография, музыка сыныбы, көрме залы, жазба студиялары және демалуға арналған террасалар, тамақтану орыны қарастырылған. 700 адамға арналған акт залы, көрме залдары, театр өнеріне арналған залдар, әкімшілік бөлмелер, кітапхана бар.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жас ұрпақтың шығармашылық және креативті дамуының маңыздылығына әрдайым назар аударады. Мемлекет басшысының бұл бағыттағы саясатын қолдауға бағытталған қызметтеріңізге табыс тілеймін, – деді А.Мұқашева. Мұнда А.Мұқашеваның облыстың білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ активімен кездесуі өтті, оның барысында Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат ұсынылды. Кәсіподақ төрағасы өңірдегі кәсіподақ мүшелерінің ұсыныстары мен тілектерін тыңдады.

Салалық кәсіподақтың құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Р.Қыдырбаевамен бірге кәсіподақ мүшелерінің өзекті сауалдарына жауап берді. Өңірдің кәсіподақ активімен кездесу жанды қарым-қатынас және өзара қызығушылық жағдайында өтті. Кездесу соңында Салалық кәсіподақ төрағасы жағымды миссияны орындады – кәсіподақ белсенділеріне және әлеуметтік әріптестерге ҚРКФ мен сала кәсіподағының наградаларын табыс етті.

Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Айжақсы Тұржанова сөз сөйлеп, кәсіподақ көшбасшыларын Салалық кәсіподақтың 100 жылдық мерейтойымен құттықтады. Салалық кәсіподақ төрағасы, сондай-ақ, жаңадан ашылған үш мектептің, Ақтау қаласындағы №18 орта мектебі және Мұнайлы ауданындағы №17 және №18 мектебінің кәсіподақ активімен кездесті. Кәсіподақ мүшелерімен кездесулерде Айгүл Мұқашева кәсіподақ қызметі туралы ақпарат берді, саладағы кейбір өзекті мәселелер туралы айтты.

– Салалық кәсіподақ үшін біздің мемлекетіміз жүргізіп отырған әлеуметтік бағдарланған саясат маңызды. Біз бүгін құқықтық салада жұмыс істейміз, «Кәсіподақтар туралы» Заңымыз бар, Еңбек Кодексі негізіндегі кепілдіктер, әлеуметтік әріптестіктің нақты құрылған жүйесі, ұжымдық шарттар бар. Біз сала қызметкерлерінің еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау функциясын толығымен орындап отырмыз, – деп атап өтті А.Мұқашева.

Үш жаңа мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымына Салалық кәсіподақтың қаржылай сертификаттары табыс етілді. Кәсіподақтар үйінде Салалық кәсіподақтың құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Р.Қыдырбаева «Білім беру ұйымдарындағы еңбекті қорғау қауіпсіздігі жөніндегі өндірістік кеңестердің қызметі туралы» семинар өткізді. Семинар барысында тыңдаушыларға техникалық инспекторлардың қызметі туралы базалық ақпараттар берілді. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмысын ынталандыру және еңбек заңнамасын бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі мүмкіндігімен еңбек қызметі барысында алған жарақаттармен байланысты жағдайлар қаралды.

Салалық кәсіподақтың Орталық комитетінің мамандары (Г.Бралина және А.Айтжанов) жұмыс жоспарына сәйкес, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде еңбек заңнамасының орындалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырды. Облыстың кәсіподақ активімен кездесулер өнімді, пайдалы, конструктивті жағдайда өтті. Кәсіподақ мүшелерінің бірқатар толғандырған сауалдарына жауап берілді. Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасының Маңғыстау облысына жұмыс сапарының екінші күні Ақтау қаласында Х.Өзбекқалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде білім беру ұйымдарының Келісу комиссияларының мүшелеріне арналған «Білім беру ұйымдарында келісу комиссиясын құру. Келісім комиссиясында еңбек дауын шешу тәртібі» тақырыбында семинар өтті.

Семинар жұмысын Айгүл Мұқашева сөз сөйлеп ашты. Ол ұжымдағы жеке еңбек дауларын шешудегі Келісу комиссияларының маңызын атап өтіп, Салалық кәсіподақтың Келісу комиссиясы мүшелерін оқытуы тегін жүргізілетіні туралы ақпарат берді. Сөз соңында семинарға қатысушыларға табысты жұмыс тіледі. Әрі қарай семинар жұмысын Салалық кәсіподақтың құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Р.Қыдырбаева жалғастырып, қатысушыларға еңбек заңнамасының нормалары туралы, еңбек дауларының алдын алу тәсілдері мен сотқа дейін дауды шешу үшін медиацияны қолдану мәселелерін түсіндірді.

А.Мұқашеваның облыстағы кәсіподақ активімен кездесуі Ақтау қаласындағы жаңа №24 жалпы білім беретін мектепте жалғасты. Кәсіподақ басшысы жаңадан ашылған мектеп ғимаратымен танысты. Жаңадан құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен кездесу барысында А.Мұқашева Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат берді, ашық диалог форматында педагогтермен өзекті мәселелерді талқылады.

– Мектептегі кәсіподақ – тек кәсіподақ ұйымының төрағасы ғана емес. Кәсіподақ – бұл сіздердің барлығыңыз! Иә, кәсіподақ сіздерді қорғайды, мүдделеріңізді танытады, бірақ оған әркімнің қолдауы қажет, өйткені кәсіподақтың күші – бірлікте. Сіздердің жағдайларыңызды жақсарту, сайып келгенде, әрқайсыңызға байланысты. Сондықтан, біздің кәсіподақ ұйымының ұраны: «Біздің күшіміз – бірлікте!, – деп атап өтті А.Мұқашева. – Мықты бастаушы – мықты кәсіподақ». Жалпы, тұтастай алғанда, кәсіподақ жұмысының нәтижелілігі бастауыш кәсіподақ ұйымының қалай жұмыс істейтініне, оны әріптестерінің қаншалықты қолдайтынына, ұйымның алдында тұрған міндеттердің қаншалықты құзыретті шешілетініне байланысты, – деп қосты ол.

Кездесу барысында кәсіподақ мүшелері сұрақтарына толық жауап алды. Шара қорытындысында Айгүл Мұқашева мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымына Салалық кәсіподақтың қаржылай сертификатын, 2 кіші қызметкерге шипажайға тегін жолдама тарту етті. Маңғыстау облыстық ұйымының төрағасы Т.Байымбетова кәсіподақ белсенділерін марапаттаса, Ақтау қалалық ұйымының төрағасы К.Еңсегенова мектептің тағы екі кіші қызметкеріне шипажайға тегін жолдама табыс етті.

Салалық кәсіподақ төрағасының 2 күн ішіндегі Маңғыстау облысының кәсіподақ белсенділерімен кездесулеріне бір мыңға жуық адам қатысты. Кәсіподақ мүшелерінің көптеген өзекті сауалдарына тұшымды жауаптар берілді, кездесулер пайдалы, өнімді, конструктивті жағдайда өтті. Аймақта Салалық кәсіподақ мамандары өткізген семинарларға жүзден астам адам қатысты. Семинардың барлық қатысушыларына оқудан өткені туралы сертификаттар табысталды. Айгүл Мұқашева Маңғыстау облысына жұмыс сапарын қорытындылай отырып, Маңғыстау облыстық ұйымының өңірдегі кәсіподақ қозғалысын дамыту бағытындағы нәтижелі жұмыстарын атап өтті.

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым
және жоғары білім 
қызметкерлері
салалық 
кәсіподағының баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий