Алматы облысында 56 мұғалімнің құқықтары қалпына келтірілді

Алматы облысының прокуратурасы Еңбекшіқазақ ауданындағы «Мейірімді періште» жеке меншік гимназиясының мұғалімдерінің еңбек құқықтарын қалпына келтірді.

Мектеп басшылығы банкроттық сатысында болғандықтан, мұғалімдерге алты айдан астам уақыт жалақы төлемеген. 56 мұғалімге қарыздың жалпы сомасы 40 млн теңгені құрады. Атқарушылық өндірістер жүргізілгеніне қарамастан, қызметкерлер алдындағы міндеттемелер орындалмаған.

Прокуратураның араласуының нәтижесінде борышкердің жылжымайтын мүліктері анықталып, сатылымға шығарылды. Түскен қаражат қарыздарды өтеуге бағытталып, педагогтардың еңбек құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.

Прокуратура азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау жұмыстарын жалғастыруда.

Алматы облысының прокуратурасы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий