Басты мақсатымыз бәсекеге қабілетті геодезисттерді дайындау

Студенттер үшін геодезияны оқу – инженерия және құрылыс саласындағы күрделі міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін алдыңғы қатарлы технологиялармен, құралдармен жұмыс істеуге көптеген мүмкіндіктерді ашады. Оқу барысында студенттер тек теориялық білім алып қана қоймай, кәсіби салаларында табысты жұмыс істеуге қажетті практикалық дағдыларды да меңгереді.

Геодезия — инженерия, құрылыс, картография және көптеген басқа салаларда маңызды рөл атқаратын ғылым. Ол жер телімдерін өлшеу және картографиялау жұмыстарын қамтиды. Геодезиялық өлшеулер жолдар, көпірлер, ғимараттар және басқа инфрақұрылым нысандарын жобалаудың негізі болып табылады. Геодезия негіздерін білу студенттерге жермен қалай жұмыс істеуді, ресурстарды барынша тиімді пайдалануды және қоршаған ортаға әсерді азайтуды үйренуге көмектеседі. Бұл дағдылар қазіргі урбандалу және инфрақұрылымның белсенді дамуы жағдайында ерекше сұранысқа ие.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, география және табиғатты пайдалану факультеті, картография және геоинформатика кафедрасының даярлайтын басты мамандықтарының бірі осы-геодезия. Геодезияны оқу студенттерге жергілікті жерлерде дәл өлшеулер жүргізу және координаттарды анықтау үшін қажетті мәндерді береді. Бұл білім инженер, құрылысшы, жобалаушы және картограф сияқты мамандықтар үшін өте маңызды. Геодезия студенттерге сыни ойлау қабілетін және деректерді талдау дағдыларын дамытуға, сондай-ақ заманауи геодезиялық құралдармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Геодезияны оқу арқылы студенттер карталармен, топографиялық схемалармен және геодезиялық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын дамытады, бұл оларды еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие маман етеді. Қазіргі таңда геодезиялық құралдарды жеткізу саласында қарқынды дамып келе жатқан компаниялар «ГеоМастерА» ЖШС, «Leica Geosystems Kazakhstan» ЖШС қызметкерлерінің көмегімен еңбек нарығында студенттеріміздің сұранысқа ие маманға айналуы үшін аталған мекеменің заманауи геодезиялық аспаптарын пайдалана отырып зертханалық жұмыстар жүргізілуде.

Аталған мекемелердің қызметкерлері де студенттердің жергілікті жерлердегі нысандар арасындағы өзара байланыстарды жақсы түсінуіне көмектесіп жүрген білікті мамандар. Жалпы, геодезиялық құралдармен жұмыс істеу дәлдік пен мұқияттылықты талап етеді, бұл студенттерге осы қасиеттерді дамытуға мүмкіндік береді. Дрондар, спутниктік жүйелер және цифрлық картография сияқты тез дамып келе жатқан технологиялар жағдайында геодезия студенттерге өз мамандықтарында заманауи сын-қатерлерге дайын болуға көмектесетін бәсекелестік артықшылық береді.

Біздің факультет осы мекемелермен екі жақты мемориандумға қол қойылып бірлесіп жұмыс атқарғалы жақсы нәтижелерге қол жеткізудеміз. Заманауи геодезиялық құралдар студенттерге дала жағдайында жұмыс істеудің негізгі принциптері мен әдістерін жақсы түсінуге көмектесуде. Осы жағынан бізді толығымен геодезиялық аспаптармен қамтамасыз етіп отырған және студенттерді оқытуға қосқан үлесі үшін «ГеоМастерА» директоры Құсайынов Айдын Нұрсұлтанұлына, директордың орынбасары Жалилов Лутпулла Летиповичке және мамандары Бактыкереев Максат Камаладиновичке, Адильжанов Икрам Адильжановичке, Щекутеев Александр Ерғалиевичке, «Leica Geosystems Kazakhstan» ЖШС директоры Кочетова Марина Александровнаға және мамандары Ким Александр Сергеевичке, Рыспаев Калибек Уалихановичке алғысымыз шексіз.

Дәл осындай мамандардың күш-жігері арқасында студенттер қажетті білім мен өз күшіне сенімділікті алып, геодезия саласындағы табысты мансапқа дайын болуда. Мысалы үшін жоғары дәлдіктегі роботтандырылған тахеометр мен 3D сканерлеу, Leica Nova MS60, Leica GS18 I, GNSS-қабылдағыш Leica GS16 3.75G, Leica TS10/TS11/TS09/TS06 plus TS06 Ultra тахеометрлері, South Galaxy G7, GNSS-қабылдағыш INno8 құралдарын пайдалана отырып дәріс жүргізудеміз. Аталған құрал-жабдықтардың нарықта өте үлкен қаражатты қажет етеді.

Соған қарамастан, оқытуда аталмыш құралдарды қолдану студенттерге күрделі инженерлік жобаларда жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды меңгеру үшін оларда өз тараптарынан аянып қалып жатқан жоқ. Leica Nova MS60 арқылы студенттер жоғары дәлдікті өлшеулер жүргізу, топографиялық түсірілімдер жасау және жердің 3D моделін құруды үйрене алады, бұл жобалау және құрылыс үшін өте маңызды. Ал Leica GS18 I – визуалды позициялау технологиясы бар әлемдегі жалғыз геодезиялық спутниктік қабылдағыш. Камера мен инерциялық жүйені пайдалану қозғалыс кезінде минутына жүздеген нүктелерді түсіруге мүмкіндік береді.

Бұл құрал магниттік өрістерге төзімді және калибрлеуді қажет етпейді, бұл оны дала жағдайында геодезиялық түсірілімдер жүргізуде таптырмас етеді. Leica GS18 I-пен жұмыс істейтін студенттер деректерді тез әрі тиімді жинауды үйренеді, бұл олардың дала жұмыстары бойынша дағдыларын айтарлықтай жақсартады. Осы құралдың арқасында студенттер күрделі жағдайларда, мысалы, таулы жерлерде немесе халық тығыз орналасқан аудандарда жұмыс істеу мүмкіндіктерін алады. Leica GS18 T – ГНСС технологиясын қолдайтын әлемдегі ең жылдам RTK-ровер.

Бұл құрал веханы тік ұстауды қажет етпейді, бұл оны пайдалануды ыңғайлы және икемді етеді. Осы құралдың арқасында студенттер өлшеудің инновациялық әдістерімен жұмыс істеуді үйренеді, бұл жұмысты жылдам және дәлірек орындауға мүмкіндік береді. Бұл құрал студенттерге еңісті компенсациялау технологиясын меңгеруге көмектеседі, бұл өлшеу процесін айтарлықтай жеңілдетеді және күрделі жағдайларда өлшеу дәлдігін арттырады. Тағы бір аспап – GNSS-қабылдағыш Leica GS16 3.75G – бұл GSM модемімен жабдықталған және түзетулерді ұялы байланыс арқылы алуға мүмкіндік беретін құрал, бұл радиомодемді пайдаланумен салыстырғанда шығындарды азайтады.

555 арнамен жұмыс істеу бірнеше спутниктік топтардан сигналдарды бір уақытта қабылдауды қамтамасыз етеді, бұл жұмыс уақытын қысқартады және дәлдікті арттырады. Бұл құрал студенттерге геодезиялық өлшеулердің дәлдігі мен тиімділігін арттыру үшін әртүрлі коммуникациялық технологияларды пайдалануды үйретеді. Сол сияқты көптеген жоғары дәлдікті өлшеулерді қамтамасыз ететін және жергілікті жерде геодезиялық жұмыстарды орындау үшін қолданылатын құралдар сериясын айта беруге болады. Оқытушының қолдауының арқасында студенттер күрделі міндеттерді шешуді, топта жұмыс істеуді және стандартты емес жағдайларда шешім қабылдауды үйренеді.

Біздің басты мақсатымыз, әр студентке деген назар, қолдау және студенттердің курсты табысты меңгеруіне және болашақ мансабы үшін мықты білім алуына ықпал ету. «ГеоМастерА» ЖШС, «Leica Geosystems Kazakhstan» ЖШС сияқты компаниялармен бірлесе отырып жұмыс жүргізу тәсілі студенттерге тек геодезияның негіздерін түсініп қана қоймай, өз күшіне деген сенімділіктерін де арттыруға көмектеседі, бұл олардың кәсіби өсуі үшін өте маңызды.

Олжас СЕЙТБОТАНҰЛЫ,
картография және геоинформатика
кафедрасының PhD, доцент міндетін атқарушы
 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий