АТЫРАУЛЫҚ ОҚУШЫ АЙТЫСТА ДЕС БЕРМЕС СУЫРЫП САЛМА АҚЫН
Марсель Ерсайынов – Нұрғиса Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия – интернатының 11 – сынып оқушысы. Алғашқы өлеңін 3 сыныпта жазған оқушы қазір облыстық, республикалық айтыстарда басьп озьп жүлделі орындар алып келеді.
Ол осы жыл ішінде 10 байқауға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. «Қола домбыра», Республикалық “Жыр алыбы Жамбыл” – атты оқушылар айтыстарында – Бас жулдені иеленсе, «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының облыстық кезеңінде де Бас жүлде алып, республикалық кезеңінде 1-ші орынды қанжығасына байлаған.
Ал өткен жылы «Жыр алыбы – Жамбыл» жас ақындар айтысының облыстық кезеңінде Бас жүлде, республикалық кезеңінде II-орын, Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына арналған «Арғымақтан туған Қазанат» атты облыстық ақындар айтысында Арнайы жүлде, Мұрат Мөңкеұлының 180 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған «Елім дейтін ұланбыз» атты аймактық айтыста жүлделі II орын, «Меңдекеш Сатыбалдиев оқулары» байқауының облыстық кезеңінде жүлделі І орынды иеленген.
– Мақсатым айтыс өнерін терең меңгеріп, халқымыздың асыл қазынасын ұрпақтан – ұрпаққа жалғастыруға өз үлесімді қосу – дейді Марсель.
Загрузка...