АТЫРАУДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ «ШАҢЫРАҚ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Жобаның негізгі мақсаты – балалар ауылы тәрбиеленушілерін әлеуметтік қолдау, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге, азаматтық жауапкершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу,мамандыққа баулу.
Жоба аясында облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылында Білім беру басқармасының Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық орталығы мен Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің бірлесіп “Ел бірлігі-Ұлттық құндылық” атты шара ұйымдастырды.
Загрузка...– Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ана тіліміз, салт-дәстүріміз, әдебиетіміз бен өнеріміз ұлтымыздың рухани байлығы. Сол ұлттық құндылықтарымыздың арқасында ұлттық қалпымызды сақтап, әлемге танылып отырмыз. Біз шарада балаларымыздың бойына осы асыл қасиеттерді сіңіруге тырыстық – дейді Білім беру басқармасының Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық орталығының бөлім басшысы Әйгерім Исламғалиева.