БОЛАШАҚТЫҢ БІЛІМІ ӘРБІР ОҚУШЫ ҮШІН!

2024 жылғы 21 қарашада Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында (ҚР ОАМ РҚББОӘО) 2026 жылдан бастап Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына (МЖМБС) енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған кеңес өтті. Бұл жобаны Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген.

Кеңесте бастауыш және негізгі орта білім беру стандарттарына қатысты МЖМБС-ға енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларға байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Жобадағы басты жаңалықтар қатарында – білім мазмұнын құндылықтарға негіздеу, тәрбие мен оқытудың бірлігін қамтамасыз ету, қазақ тілін ерте меңгеруге назар аудару, білім беру ұйымының қалауы бойынша негізгі және жалпы орта мектепте тілдік емес пәндерді қазақ тілінде оқыту мүмкіндігі қарастырылған.

Пәндердің мазмұны функционалдық сауаттылық, жасанды интеллект, қаржылық, құқықтық, оқу сауаттылығы, креативтілік, STEM, STEAM, ерте бейіндеу, қауіпсіздік негіздері, цифрлық гигиена тақырыптарымен толықтырылатын болады.

Ерекше назар оқушылардың белсенділігіне аударылған: енді әлеуметтік GPA – оқушылардың мектеп пен қоғам өміріне қатысуы аттестатта ескеріледі. Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар үшін бейімделген оқу бағдарламалары мен бағалау жүйесі әзірленеді, осылайша әрбір бала сапалы білім ала алады.

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау формативті және жиынтық бағалау түрінде жүзеге асырылады, бұл жүйені ашық және әділ етеді – академиялық адалдық қағидаттары мен қағидалары енгізіледі. МЖМБС өзгерістері оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, практикалық дағдыларын дамытуға және оларды қазіргі өмірге, жаңа мамандықтарға бейіндеуге бағытталған.

Бүгінгі күні педагогикалық қоғамдастық арасында Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына енгізілген өзгерістерді түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Біздің пікірімізше, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұсынған МЖМБС өзгерістері білім беруді қолжетімді әрі әділ етуге, сондай-ақ балаларды сәтті болашаққа дайындауға көмектеседі.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий