Абай облысының оқушылары халықаралық робототехника чемпионаттарына жолдама алды

Аbai Regional FIRST Championship 2024 аймақтық кезеңі өтті. Чемпионатқа Астана, Алматы қалалары және Абай, Ақмола, Жетісу облыстарынан 25 команда, 160 қатысушы қатысты. Байқау FLL Explore, FLL Challenge және FIRST Tech Challenge бағыттары бойынша ұйымдастырылды.

Чемпионат қорытындысы бойынша бірқатар команда халықаралық деңгейде ел намысын қорғау құқығын иеленді:

  • Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының Region18 командасы 14-16 желтоқсанда Индонезияда өтетін әлемдік чемпионатқа жолдама алды.
  • Электротехникалық колледждің Алаш командасы ақпанда Үндістанда өтетін чемпионатқа қатысады.
  • FTC бағыты бойынша Alash, Region18, Rai, Tengri командалары Орталық Азия чемпионатында бақ сынайды.
  • FLL Challenge бойынша 2 Ro Álemi және НЗМ командалары аймақтық жарыстарда ел намысын қорғайды.
  • Explore бағыты бойынша №5 гимназия және BilKids командалары Орталық Азия чемпионатына жолдама алды.

Жүлделер мен номинациялар:

  • Inspire Award Winner: Sipinine
  • Winning Alliance Captain Award: Alash
  • Winning Alliance Partner Award: Region18
  • Think Award Winner: Rai
  • Connect Award Winner: Tengri
  • Finalist Alliances Captain Award: Water7
  • Finalist Alliance Partner Award: Rai
  • Innovate Award Winner: Water7
  • Judges’ Choice Awards: Queue team, SBIL IT, Shanyraq

Бұл жеңіс оқушылардың робототехника саласында жетістікке жетуіне бағытталған үздіксіз еңбектің, ұстаздар мен менторлардың қолдауының нәтижесі екені сөзсіз.

Ұйымдастырушылар:

  • Абай облысының білім басқармасы
  • «Қазақстан Республикасы және Орталық Азия инженерияны дамыту орталығы – Ustem Foundation»
  • Облыстық инновациялық-әдістемелік орталық
  • Tengri цифрлық клубы, Abai IT-Valley технологиялық кластері

Абай облысы Бь баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий