Жамбыл облысы: Үшінші жайлы мектеп ашылды

Тараз қаласының «Ұлы дала» (15) шағынауданында №67 мектеп балалар игілігіне берілді. Бұл білім беру нысанының құрылысы Президенттің тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жүргізілген болатын. Заманауи ағарту ошағы 1 200 орынды құрайды, – деп хабарлайды Жамбыл облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жаңа мектептің салтанатты ашылу рәсімінде аймақ жетекшісі Ербол Қарашөкеев құттықтау сөз сөйлеп, балалардың алаңсыз білім мен тәрбие алуына қолайлы жағдай жасау – негізгі міндет екенін атап айтты. Әлеуметтік нысанның салынуына, құрылыстың сапалы жүргізілуіне зор үлес қосқан «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен «Integra Construction KZ» ЖШС-не ризашылығын жеткізді.

Жайлы мектеп ең озық технологиялармен жарақтандырылған. Оқушылардың қауіпсіз білім алуына барлық мүмкіндіктер қарастырылып отыр. Ғимаратта интерактивті тақтасы бар 59 оқу кабинеті, үш асхана, 2 спортзал, мәжіліс залы, кітапхана, екі лингафон, 2 компьютер кабинеті бар, сондай-ақ үш зертхана мен 3 шеберханаға қоса он коворкинг-орталық қарастырылған.

Айта кетейік, өңір аумағында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 12 мектеп салу жоспарланған. Бұл бастаманың арқасында оқушы орнының тапшылығын жоюға, үш ауысымды оқытуды және апатты мектептерді болдырмауға мүмкіндік туады. Сондай-ақ облыста ағымдағы жылы құрылысы басталған 36 білім беру нысанының оны пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 5 мектептің құрылысы аяқталатындағы күтілуде. Келер жылы жиырма алты білім ошағының құрылысы бастау алады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий