Атырау облысы: Айтыста дес бермеген жас ақын

Марсель Ерсайынов – Нұрғиса Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия – интернатының он бірінші сынып оқушысы. Алғашқы өлеңін үшінші сыныпта жазған оқушы қазір облыстық, республикалық айтыстарда бәсекелестерін басып озып жүлделі орындарды иеленіп келеді. Ол осы уақытқа дейін он байқауға қатысып, көшбасшы атанды, – деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

«Қола домбыра», “Жыр алыбы Жамбыл” республикалық оқушылар айтыстарында бас жүлдеге қол жеткізсе, «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының облыстық кезеңінде алғашқы қатардан көрініп, республикалық кезеңінде бірінші орынды қанжығасына байлаған болатын. Ал өткен жылы «Жыр алыбы – Жамбыл» жас ақындар айтысының облыстық кезеңінде бас жүлде, республикалық кезеңінде екінші орын, Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына арналған «Арғымақтан туған Қазанат» атты облыстық ақындар айтысында арнайы жүлдемен марапатталды.

Мұрат Мөңкеұлының 180 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған «Елім дейтін ұланбыз» атты аймактық айтыста жүлделі екінші орын, «Меңдекеш Сатыбалдиев оқулары» байқауының облыстық кезеңінде жүлделі бірінші орынды иеленген ол: – Мақсатым айтыс өнерін терең меңгеріп, халқымыздың асыл қазынасын ұрпақтан – ұрпаққа жалғастыруға өз үлесімді қосу, – дейді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий