Ақмола облысы: Мен табиғатты танып білемін
Туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық орталығының қолдауымен Сандықтау ауылының «Жас дәурен» жыл бойғы балалар сауықтыру лагерінің базасында «Мен табиғатты танып білемін» облыстық зерттеу жұмыстар байқауы ұйымдастырылып, Астрахан, Бурабай, Зеренді, Жақсы, Егіндікөл, Сандықтау, Целиноград аудандары мен Көкшетау қаласынан отыз үш үміткер қатысты, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға қатысушылар жобалардың макеттерін, қолдан жасалған суреттерді, экологиялық бағыттағы зерттеу жұмыстарын ұсынған. Шығармашылық байқаудың қорытындысы бойынша анықталған жеңімпаздарға түрлі марапаттар табысталды. «Экология – әрқайсымыздың ісіміз» аталымы бойынша жүлделі бірінші орын – Досумова Земфира, Зеренді ауданы Садовое ауылындағы мектептің тоғызыншы сынып оқушысы; «Мені қоршаған әлем – таңғажайып әлем» аталымы бойынша жүлделі бірінші орын – Серикпаева Шырын, Астрахан ауданындағы Жалтыр ауылдық №2 мектептің алтыншы сынып оқушысы.
Загрузка...«Табиғатты жүрегіңмен сезін» сурет байқауы бойынша жүлделі бірінші орын – Иманкулова Меруерт, Зеренді ауданындағы балалар мен жасөспіріміндер орталығының (Ақкөл ауылдық филиалы) 8 сынып оқушысына бұйырды. Облыстық байқаудың жеңімпаздары облыстық білім басқармасының дипломдарымен және орталықтың естелік сыйлықтарымен марапатталды. Жеңімпаздарды дайындаған жетекшілерге құрмет грамота, барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.