Бізге – 95 жыл: Тағылымға толы тарихы терең
«Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (27.11.1929 ж) Еңбек және Қорғаныс кеңесінің №361-ші қаулысымен Қапланбек зооветтехникумы ретінде Орта Азия университетінің оқу шаруашылығы негізінде ашылған. Кәсіпорынның құрылтайшысы: Түркістан облысының әкімдігі. Мемлекеттік мекеменің уәкілетті органы – облыстық білім басқармасы.
Бір ғасырға жуық мерзімде оқу орнының қабырғасынан елу мыңға жуық түлек түлеп ұшса, солардың ішінен бір Кеңес Одағының батыры, 14 Социалистік еңбек ері, бес Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақ елінің біртуар ұлы, «Вальс королі» атанған Шәмші Қалдаяқов та шыққан. Қазіргі кезде біздің бұл арнаулы оқу орнында 67 кабинет, зертхана және дәрiсхана, он екі компьютер кабинеті, 19 моноблок, жиырма жеті интерактивті тақта, 6 жылжымалы LED экран, тарихи ветеринариялық ұлттық мұражайлар, екі жүз он орындық мәжiлiс залы, бизнес инкубатор орталығы, үлкен спорт кешенi: 2 спорт залы, футбол, кіші футбол, волейбол, баскетбол алаңдары, екі жүз орындық жатақхана, 1-асхана мен бір дәрiгерлiк пункт студенттерге қызмет көсетеді.
Зертханалық жұмыстар барысында облыста баламасы жоқ микроскоптық бейнекешен, ветеринариялық УЗИ және полимеразды тізбекті реакция жүргізуге, гендік деңгейде ауру қоздырғыштарын анықтауға арналған құрал-жабдықтар кешені оқу үрдісінде толық пайдаланылады. Колледж жанындағы оқу-әдістемелік бірлестік қызметіне келсек 2008 жылдан 08410100 – Ветеринария, 08110500 – Зоотехния мамандықтары бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі болып бекітілген. ОҚО әкімдігінің шешімімен колледж «ветеринария және зоотехния мамандығы бойынша ресурстық орталық» болып, оның ережесі мен үлгілік жоспары құрылып, бекітілді.
«Ветеринария» мамандығы бойынша алғашқы болып «Модульдік оқыту жүйесіне» өткен оқу орны еліміздің әр өңіріндегі 52 орта арнаулы оқу орындарына оқу-әдістемелік көмек беріп, «Модульдік оқыту технологиясынан» біліктіліктерін арттыруға қолдау көрсетіп келеді; колледждің ғалым ұстаздары «Ветеринария» және «Зоотехния» мамандықтарына арналған Білім стандарттарын, құзіреттілікке негізделген үлгілік оқу-жұмыс бағдарламаларын даярлау мен Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы және «Таlap» КЕАҚ-мен бірлесе отырып кәсіптік стандарттарға сүйеніп, жұмыс берушілердің сұранысына сәкес жоғарыда аталған мамандықтардың біліктіліктеріне кредиттік оқыту технологиясы бойынша үлгілік оқу бағдарламаларымен жұмыс оқу бағдарламаларын өзектендіру жұмыстарын жүзеге асыруда.
РОӘБ, 5AB08410101 – «Ветеринария қолданбалы бакалавры» және 5АВ07210301- «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу технологияларының қолданбалы бакалавры» біліктіліктеріне үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеуге жұмыс берушілердің ұсынысын “Talap” КЕАҚ-на жолдады. РОӘБ, “Talap” КЕАҚ-мен жасалған №1123 шарт негізінде кәсіптік стандарттар ТжКБ мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын өзектендіру жөніндегі қызметтер” мемлекеттік тапсырмасын орындау шеңберінде, 5AB08410101 – «Ветеринария қолданбалы бакалавры» және 5АВ07210301- «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу технологияларының қолданбалы бакалавры» біліктіліктерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары ҚР “Білім туралы” Заңына, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына сәйкес әзірледі.
2023 жылы колледжде республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің жылдық жоспарына сәйкес «Кәсіби құзіреттер мен дағдылар, болашақ синергиясы» тақырыбындағы республикалық форумы жоғары дәрежеде өтті. 2023-2024 оқу жылында колледж «IT технологиялар, инновациялық педагогика, кәсіпкерлік салаларындағы сарапшыларды даярлау мәселелері» бойынша Оңтүстік Корея WOOSONG Халықаралық білім беру қорының өкілдерімен ынтымақтастық туралы келісімдер жүргізді. Соның арқасында алдағы оқу жылында 3-4 курстан он бес студентті “Woosong” университетіне, SOLBRIDGE Халықаралық бизнес мектебінде оқуға түсудің стратегиялық бағдарламасы әзірленуде.
Ауылшаруашылық саласына қажетті заманауи ұшқышсыз ұшу апараттарының операторын даярлау. 2024 жылы 26 сәуірде колледж базасында ұйымшыл ұжымның жетекшісі Б.Шығанов пен Қытай Республикасының Қазақстандағы филиалы “Sunkar eavision international llp” ЖШС вице-президенті, Zhai hui (Еavision (Suzhou) Robotic Techologies Co, Ltd) арасында аграрлық салада ынтымақтастық меморандумға қол қойды. Жоба бойынша атқарылып жатқан жұмыстар: ұшқышсыз ұшу апараттарының операторы мамандығының оқу бағдарламасы түзілуде; педагогтарды біліктілік арттыру курстарына жіберу; материалдық техникалық базаны қалыптастыру.
Ауылшаруашылық малдарын қолдан ұрықтандыру бойынша колледждің әлеуметтік серіктесі «KazAgriscience Team» ҚБ бірлесе Түркістан облысында ауылшаруашылық малдарының тұқымын асылдандыру мақсатында қолдан ұрықтандыру жұмыстарын бірлесе жүргізуде. Қазіргі таңда колледж базасында қолдан ұрықтандыру пункті жабдықталған. Әлеуметтік серіктес базасында оқытушылар мен студенттер біліктіліктерін арттыруда. Колледж базасында ветеринария саласы бойынша «Business Startup» орталығы ашылып, жұмыс жүргізілуде.
Облыстық “Worldskills Turkestan – 2020” чемпионатында «Ветеринария» құзыреттілігі бойынша бас жүлде, «Өсімдік шаруашылығы» құзыреттілігі бойынша бірінші орын, «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша жүлделі екінші орын, «Желілік және жүйелік әкімшілік» құзыреттілігі бойынша жүлделі үшінші орындарды жеңіп алды. «Worldskills kazakhstan-2021» республикалық чемпионатында Павлодар облысы «Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледжінде «Ветеринария» құзыреттілігі бойынша сайысқа қатысқан 2 курс «Ветеринарлық фельдшер» тобының студенті, Мекен Бауыржан Серікұлы бас жүлдені иеленді.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтері арасындағы ауылшаруашылығы саласы бойынша «Республикалық кәсіби шеберлік байқауы– 2021ж» сайысында оқытушымыз Орынбекова Динара бас жүлде, Жанаев Жалғасбек алғашқы қатандан көрініп, «Үздік педагог – 2021» облыстық байқауынан Мамытшаева Дурия үшінші орын иеленді. Жамбыл облысының Құлан жоғары аграрлық колледжінде Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы ауыл шаруашылығы саласы бойынша «Республикалық кәсіби шеберлік байқауы-2022» додосында оқытушымыз Назиева Гульжан «Ветеринария» мамандығы бойынша бас жүлдені, Қалдасов Азамат «Агрономия» мамандығы бойынша бірінші орынды иеленді.
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» ұйымдастырған облыстық пәндік олимпиадада Химия пәні мұғалімі Елібай Қанат Болатұлы, тарих пәні мұғалімі Мырзакулов Батырхан және биология пәні мұғалімі Сейдшарипова Айнагул жүлделі бірінші орындармен марапатталды. 2023 жылғы қазан айының 26-27 күндері аралығында Құлан агротехникалық жоғары колледжінің базасында үшінші республикалық кәсіби шеберлік байқауында колледжіміздің оқытушысы Сахова Салия “Агрономия” саласы бойынша жүлделі екінші орынға ие болды.
2024 жылы қаңтар айында жалпы білім беру пәндері бойынша облыстық педагогикалық шеберлік конкурсына колледждің химия пәнінің оқытушысы Адеева Мөлдірге жүлделі бірінші орын табысталды. Жамбыл облысының Құлан жоғары аграрлық колледжінде Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы ауыл шаруашылығы саласы бойынша «Республикалық кәсіби шеберлік байқауы-2024» кезінде оқытушымыз Құралов Нұрғали «Креативті педагог» аталымын жеңіп алды. Жақында елордасында салалық министрліктің ақпараттық қолдауымен “Bilim orkenieti” ұлттық инновациялық-зерттеу орталығы “Түркі халықтарының үздік студенті” халықаралық форумын ұйымдастырды. Басты мақсаты – талантты студенттер арасында байланыс орнату болды.
Халықаралық форумға отандық ғалымдар, қоғам қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен студенттер қатысты. Марапаттау аясында директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Анаргүл Есқараева жетекшілік еткен колледжміздің екінші курс студенті Ақбота Аршабай “Түркі халықтарының үздік студенті” Құрмет белгісімен және бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығы ұйымдастырған «Жаңа заман-жаңашыл ұстаз» байқауында колледжіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Бозорова Сандуғаш жүлделі бірінші орынға қол жеткізді. Колледіміздің 95 жылдық мерейтойына орай қараша айының 29-ы күні Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ауыл шаруашылық мамандықтары бойынша «AGROFEST Kazakhstan-2024» халықаралық форумы ұйымдастырылады.
Бағлан Төлтайұлы ШЫҒАНОВ,
Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық
колледжінің директоры, Түркістан облысы