Техникалық шығармашылық орталық: Балалардың бос уақытын тиімді пайдаланудың маңызы

Қазіргі таңда біздің техникалық шығармашылық орталығындағы 13 үйірмеге қатысатын бес жүз қырық оқушыға 37 ұстаз тәлім тәрбие беруде. Он бес оқу кабинетінің әр қайсысы 10–12 адамды толық қамту үшін барлық қажетті құрылғылармен жабдықталған және бір ауысымда 100 – 120 оқушыны қабылдау мүмкіндігіміз бар. Орталық екі бағытта жұмыс жасайды. Біріншісі спорттық техникалық (үйірмелер: «Ұшақ үлгілеу», «Кеме үлгілеу», «Автобагги», «Робототехника»).

Екіншісі ғылыми – техникалық (үйірмелер: «Авто – ХХІ», «Тракторшы», «Бағдаршам», «Жас техник», «Техникалық көркем еңбек», «Тоқыма бұйымдарының технологиясы» «Тігін бұйымдарының технологиясымен құрастырылуы»,  «Ауыл шаруашылығы өндірісінің технологиясы», «Конструкциялық материалдарды өңдеу». Техникалық шығармашылық үйірмелері өзге үйірмелерге ұқсамайтын өзіндік атқаратын қызметі мен тәлім-тәрбиелік мүмкіндігі зор. «Робототехника»,  «Ұшақ», «Кеме», Автобагги трассалық үлгілеу үйірмелері базалық мазмұны тәрбиелнеушілерін болашақ кәсіптерін анықтап, қабілеттерінің дамуымен қатар өздерін – өзі  танып білуге, техника әлемін зерделеуге, әртүрлі салалар бойынша біліктіліктерін шыңдауға үйретеді.

Орталық үйірмелерінде жасөспірім тек педагогтың үйретуімен модель түрлерін жасаумен шектеліп қана қоймайды, оған талдау жасайды, жасалу, өңделу технологиясына өз ой пікірлері мен ұсыныстарын айтуға дағдыланады. Бала жұмысты өз қолымен істеп көреді, тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, оның қорытындысын көрсеткісі келеді. Үйірме сабағында өзін еркін сезініп, орындаған жұмыстарынан моральдық қанағат алады. Тапсырманы орындап қана қоймай, өзге оқушыларды да шығармашылықпен жұмыс жасауға тарта біледі. Осылайша үйірме жұмыстарында оқушы үйренуші шәкірттен белсенді үйретуші, өзіндік шығармашылық ой-өрісі бар, жан-жақты дамыған дара тұлға дәрежесіне көтеруге ықпал жасаймыз.

Осы белсенділік арқасында оқушы әрбір жұмысын шығармашылық оймен жасап, зерттеп, оған жан-жақты талдау жасап, өз бағасын берумен қатар, өз бойында келешек кәсіби мамандығын да қалыптастырады. Сонымен қатар «Авто ХХІ Тракторшы» үйірме оқушылары екі жылдық мемлекеттік бағдарламамен оқып, яғни 10 – 11 сынып оқушылары «В» санатты көлік жүргізушісі және тракторшы мамандығын оқығаны туралы куәлік алады. Техникалық-шығармашылық үйірмелер оқушылардың болашақ кәсіптерін нықтап, таңдайтын мамандығының қыры мен сырын зерделеуге мүмкіндік жасайды.

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндет қойып отыр. Қазіргі таңда республикамыздың көптеген қосымша білім беру мекемелері интернетке қосылған. Оқушыларды  техникалық еңбекке баулитын үйірмеде тәрбиеленушілерді жаһандық желінің негізінде техниканың жетістіктерімен әртүрлі сайттар арқылы таныстыра аламыз. Шығармашылықпен жұмыс істеп, жаңа технологияларды үйірме барысында пайдаланып отырса, жас өспірімдердің техникалық үйірмеге деген ынтасы мен қызығушылығы артатыны анық.

Үйірме барысында әртүрлі әдістерді қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, олардың шығармашылық қабілетін және өздігінен жұмыс істей алуын жетілдіруі тиіс. Жан-жақты қамтылған, бүгінгі заман талабына сай әдістерді пайдалана отырып, оқушыларға техникалық-шығармашылық білім беру, оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдету, кеңейту және бекіту. Біздегі техникалық үйірмелердің мақсаты практикалық жұмыс кезінде олар техникалық құрылғы үлгілерін құрастырушылық қабілеттерін, шығармашылық ойларын дамыта отырып өз беттерінше жұмыс істей алу ептілігін дамыту.

Үйірме оқушылары сабақтан тыс уақытта шикізат түрлерінен техникалық құрылғы үлгілерін жасаумен айналысады. Практикалық жұмыс кезінде оқушылар техникалық құрылғы үлгілерін құрастырушылық қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Үйірме оқушылары алғашқы жұмыстарын шаблон үлгімен істейді, сызбалармен танысады, үлгілерді сызба бойынша жасайды. Үйірме барысында оқушы жұмысты өз қолымен істеп көреді, жұмыстың қорытындысын көрсетеді. Оқушының ой-өрісі дамып, шығармашылық шеберлігі шыңдалады. Үйірме оқушылары белгілі бір дәрежеде, жасалынатын нысанды ойлап табудың тиімді жолдарын үйренеді және графикалық білім алуы да қарастырылған.

Үйірме мүшелері алғашқы жұмыстарын қалыптағыш (шаблон) үлгімен істесе, одан әрі сызбалармен танысып, үлгілерді сызба бойынша жасайды.Осындай жетістіктерге қол жеткізу мақсатында үйірме сабақтарында әр түрлі әдістемелік тәсілдерді қолданамыз. Баяндау әдісі (әңгімелеу, түсіндіру). Көрнекіліктермен жұмыс (кітап, журналдар, сызбалар, суреттер, жобалар). Жобалау әдісі (жаңа үлгілер жобасын сызу, техникалық суреттер салу). Сарамандық жұмыс (жобалар, сызбалар, үлгілер бойынша жұмыстану). Проблемалық ізденіс (оқушылар қабілетінің дамуына, ізденуіне, жаңа үлгілер жобасын жасауына жағдай жасау).

Үйірмеге алғашқы жылы қатысып отырған оқушылар алдымен қима үлгілерді (шаблон) қолдана отырып, қарапайым (автокөліктер, ұшақтар, зымырандар, су көліктері, әр түрлі нысандармен ғимараттардың) үлгілер жасайды. Өз жұмыстарын саралап, салыстыру арқылы бағалауды үйренеді. Келесі кезеңдері неғұрлым күрделі (жер көліктері мен су көліктерімен кемелері және зымыран түрлерін) техникалық үлгілердің сызбаларын жан-жақты зерттей отырып жасайды.

Қамбар Карибекович ҚАЛДАРБЕКОВ,
Техникалық шығармашылық орталығының
директорының орынбасары, Жамбыл облысы,
Сарысу ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий