БАСҚАРМА БАСШЫСЫ “WORLDSKILLS KAZAKSTAN 2024” БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҰЛЫҚТАДЫ

– деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова.

Жуырда өткен “Worldskills Kazakstan-2024” IX Ұлттық чемпионатында Атырау құрама командасы жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Облыс қоржынына 1 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль, 8 медальон салынды.

Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы Марат Абуов жеңімпаздарды “Алғыс хат” және ескерткіш сыйлықтарымен марапаттап, шәкірттерін жоғары деңгейде дайындаған ұстаздарға “Құрмет грамотасын” табыс етті.

– Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамытуға бағытталған Worldskills Kazakstan шарасының маңыздылығы жылдан-жылға артып келеді. Бүгінде Worldskills Kazakstan жеңімпаздары еліміздің жетекші компанияларынан жұмысқа шақырулар алуда. Жеңімпаздар алдағы жылы қыркүйек айының 9-13 күндері аралығында Данияда өтетін EuroSkills чемпионатына қатысу үшін ұлттық құрамаға кіру мүмкіндігіне ие болды.

Мемлекет басшысы 2025 жылды – Жұмысшы мамандықтар жылы – деп жариялады. Бұл еліміз үшін техникалық және кәсіптік білім берудің ерекше маңыздылығын дәлелдейді.

Қазір Атырау өңірінде 24 колледж жұмыс жасайды. Олардың алдында әрбір жас маманды еңбек нарығында сұранысқа ие сапалы біліммен және дағдылармен қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдау міндеті тұр – деді басқарма басшысы Марат Абуов.

Өткен жылы чемпионатқа Атырау өңірінен 30 құзыреттілік бойынша 32 студент қатысып, 1 алтын, 3 қола , 7 “Үздік маман” медальонын иеленген болатын.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий