Атырауда алғаш рет облыстық Білім беру басқармасы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің қолдауымен Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы “Саналы ұрпақ” клубы мүшелерінің республикалық І слетін өтті

Жастардың бойында адамгершілік жəне азаматтық-патриоттық тəрбие, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды көздейтін слетке Атырау, Ақмола, Абай, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарынан, Алматы, Шымкент, Өскемен қаласынан «Саналы ұрпақ» клубы мүшелері қатысты.

Слет барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзекті мәселелерін талқылады, арнайы шақырылған спикерлерге ұсыныс-сауалдарын жолдады. Және өз өңірлерінде атқарылған жұмыстар туралы бейнероликтерін, музыкалық қойылымдар ұсынды.

Слет қорытындысы бойынша үздік клубы болып Батыс Қазақстан облысының жоғары медициналық колледжінің «Саналы ұрпақ» клубы анықталды. Екінші орында Алматы қаласы мен Түркістан облысының колледж клубтары жеңіске жетті. Үшінші орын Абай, Қызылорда және Маңғыстау облыстары колледждерінің “Саналы ұрпақ” клубтарына берілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алу ісінде ең белсенді және ерекше көзге түскен жастар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий