IQ ALA JASTARY жобасының қатысушыларына арнайы “Интеллектуалды тренинг” тақырыбында семинар ұйымдастырылды

Алматы қаласындағы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, Алматы қаласы «Жастар Рухы» ЖҚ, «Алаш Жастар Одағы» қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастыруымен “IQ-ALA jastary” жоба аясында қатысушылар үшін “Интеллектуалды тренинг” тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Семинардың басты мақсаты – жастардың аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту, заманауи технологияларды тиімді пайдалануға үйрету және олардың көшбасшылық қасиеттерін арттыру болды. Ісшара барысында қатысушыларға өз білімдерін жетілдірудің маңыздылығы, зияткерлік ресурстарды тиімд басқару, уақытты дұрыс жоспарлау және креативті ойлауды дамыту бойынша кеңестер берілді.

Қозғалған тақырыптар: “Интеллектуалдық қабілет деген не?» тақырыбында қысқаша лекция •Қатысулар арасында шағын дебат: «Егер сіз әлемді өзгертетін идеяны ойлап тапсаңыз, ол қандай болар еді? «Pomodoro техникасы» мен «Eisenhower Matrix» әдістерін таныстыру. Бұл семинар қатысушыларға зияткерлік мүмкіндіктерін толық ашуға және заманауи ортада бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптасуға көмектесетін құнды тәжірибелер берді.

Бұл семинар қатысушыларға зияткерлік мүмкіндіктерін толық ашуға және заманауи ортада бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптасуға көмектесетін құнды тәжірибелер берді.

Бибізайнап Жанболатқызы БАЛУАНБАЕВА,
журналист, Алматы қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий