ҚР МАМ ЮНЕСКО қорғауындағы Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын қорғау бойынша кешенді шаралар әзірледі

Сенбі, 30 қараша күні Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен ЮНЕСКО қорғауындағы Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын қорғау бойынша кешенді шараларды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы өтті.

Кешенді шаралар Қазақстанның мәдени мұрасын қорғау және сақтау бағытындағы орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ЮНЕСКО және ИСЕСКО (Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы) істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясы мүшелерінің, сондай-ақ тарихшы ғалымдардың, археологтардың, этнографтардың және қоғамдық ұйым өкілдерінің күш-жігерін үйлестіруге бағытталған.

Бұл стратегиялық бастама Қазақстанның ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енгізілген және енгізілуі мүмкін маңызды тарихи және сәулет ескерткіштерін сақтау мен материалдық емес мәдени мұра элементтерін қорғауға арналған. Оларға дәстүрлер, салт-жоралар, тіл, музыка, қолөнер және басқа да құндылықтар жатады.

Министр Аида Балаева отырыс барысында әлемдік мәдени және табиғи мұраны қорғау жөніндегі Конвенцияның ережелерін орындау үшін барлық мүдделі тараптардың жүйелі және үйлесімді жұмыс істеу қажеттігіне ерекше тоқталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий