Ата-аналар белсенділігі артып отыр – Оқу-ағарту министрлігінің өкілі

2023-2024 оқу жылында алғаш рет барлық білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы енгізілді. Ата-ана әрбiр баланың қалыптасуына тікелей ықпал ететін негізгі тұлға.

«Бұл ретте қазіргі ата-ана тарапынан бала тәрбиесінде педогогикалық көмекке сұраныстың бар екені байқалады. Содықтан мектептерде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары ашылып, табысты жұмыс атқаруда», – деді ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында.

Оның айтуынша, ата-аналар позитивті ата-аналардан кеңес алады, ата-аналардан келіп түскен өтініштер саны 40%-дан 60%-ға дейін өсті.

«Яғни белсенділік артып отыр. Бала бақыты жолындағы білім ұйымы – ұстаз – ата-ана ынтымағын арттыру үшін бұл жұмысты одан әрі жалғастырамыз. Алдағы жылы ата-аналар комитеттерінің жұмысын жолға қойып, республикалық форум өткізу жоспарланып отыр», – деді спикер.

Сондай-ақ балалардың қоғам мен мемлекет өміріне қатысу құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған мәселелерде балалардың да пікірін ескеру қолға алынған.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий