Әлеуметтік педагог және оның мектептегі рөлі

ҚР «Бала құқықтары туралы» Заңына сәйкес, баланың құқықтары сақталып, қорғалады. Баланың ең басты құқығы – оның дүниеге келіп, өмір сүруінен, оқып, білім алып, денсаулығын күтумен қатар баланың әлеуметтік қамтамасыз етілуі – заңды шарт. Баланың әлеуметтік қамтылуына ата-аналары толық жауапты.

Баланың әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз етілуін қадағалап, тексеру, оқушылардың құқықбұзушылығының алдын алу шараларын ұйымдастыру және мектепте білім алатын оқушымен де тығыз жұмыстар жүргізіп отыру мектеп әкімшілігі, соның ішінде мектептің әлеуметтік педагогінің ең жауапты ісі. Осы орайда біздің білім ордасындағы тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, мектеп психологы, мектеп инспекторы және әлеуметтік педагог бірлесе отырып, оқу жылында «Бала құқықтарына» сәйкес әрбір мектеп жасындағы баланың мектеп қабырғасында білім алу құқығын сақтай отырып, әрбір баланың оқу-біліммен қамтылуын басты назарға алып, тексеру жұмыстары бойынша рейд жасалады.

Оқу процесі барысында баланың өмірі мен жетілуіне жауапкершілікті арттыру қажеттігі бойынша ата-аналармен немесе олардың асыраушы қамқоршы-қорғаншыларымен түсіндіру, кеңес беру жұмыстары жүргізіліп, бала өміріне жауапсыз қараған ата-аналармен тығыз байланыста жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар, тамыз бен қыркүйек айының соңына дейін «Мектепке жол» республикалық акциясы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі. Акцияны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді.

Мектепішілік акция барысында мектеп-гимназия оқушыларының оқулықпен толық қамтылуы және оқуға дайындықтарын қарастыру, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына қолдау көрсету көзделді. Осы акция аясында материалдық және демеушілік көмек көрсету мақсатында жұмыстар жасалды. Мектебіміздегі көпбалалы, патронат, аз қамтылған отбасынан шыққан 1–11-сыныптың алпыс төрт оқушысына мемлекет тарапынан 55 мың теңге көлемінде қаражат бөліп, мектеп формасы, аяқ киім және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етілуіне жағдай жасады. Адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынған қамқор жандардың арамызда әлі де бар екендігі қуантады.

Акция барысында демеушілік көмек көбірек көрсетілді. Атап айтсақ, 10 оқушы мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп формасымен және ақшалай қаражатпен тегін қамтамасыз етілді. Демеушілік көмек көрсеткен ата-аналарымызға, кәсіпкерлерімізге алғыс білдіреміз. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық – ізгіліктің, адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Жаңа оқу жылынан бастап, бастауыш 1–4-сыныптың алты жүз алпыс оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамсыз етілген.

Жан басына шаққанда күн көріс табыстары есептеле отырып, арнайы нобд базасынан тексеріліп, әлеуметтік статустағы 57 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Мектебімізде әлі де осындай игі істер жалғасын табады деген сенімдеміз. Жақсы істің жемісті болуы оның жүйелі жүзеге асырылуымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының аясында биыл да көптеген қамқорлық іс-шараларымен аяқталды. Қазіргі уақытта мектептегі әлеуметтік жағынан аз қамтылған балаларға жәрдем беру «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңға сәйкес жүзеге асырылуда. Аталмыш заңда қарастырылғандай, жан басына шаққандағы орташа табысы мектепте белгіленген кедейлік шегінен аспайтын отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуде.

Жыл бойы аз қамтылған, көпбалалы отбасының оқушыларына әлеуметтік көмек көрсетіліп, тұрмыстық және материалдық жағынан жағдай жасалынады. Әрбір оқушының әлеуметтік ортаға қарым-қатынасын зерттей отырып, отбасындағы тұрмыс жағдайын, ата-аналардың әлеуметтік статусын анықтау арқылы сыныптың әлеуметтік картасы шығарылды. Жалпы мектебіміз бойынша әлеуметтік педагогтің аз қамтылған, көпбалалы және ата-ана қамқорлығынсыз қалған отбасылардың оқушыларымен жүргізген жұмысы өз нәтижесін беруде.

Дария ҚҰРМАНҚҰЛ,
А.Байтұрсынов атындағы
№139 мектеп- гимназияның
әлеуметтік педагогі,
Алматы қаласы, Әуезов ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий