Батыс Қазақстан облысы: Білім басшыларына арналған басқосу

Облыс әкімдігі мен білім басқармасының бірлескен қолдауымен Назарбаев зияткерлік мектебінде аудан және қала мектептерінің директорлары үшін мектеп басшыларына арналған «Өсу векторы» кәсіби диалог алаңы ұйымдастырылып, шараға арнайы қатысқан өңір жетекшісінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев мемлекет тарапынан отандық білім саласын ілгері дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын айрықша атап айтты, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Шара модераторы, білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин білім берудегі жүргізіліп жатқан өзгерістерді жүзеге асырудың табыстылығын анықтайтын басты тұлға – мектеп басшысы екендегіне тоқталып, кезекті кездесудің басты мақсаты – мектеп басшыларының басқару тиімділігіне ерекше көңіл бөлу, – деді. «Функционалдық сауаттылық және білім беру стратегиялары: BINOM және халықаралық тәжірибелер» тақырыбында «BI Education» ЖШС «Білім болашағы» қорының атқарушы директоры Ш.Кадырова сөз алса, «Мектеп директоры: менеджер, әлде көшбасшы?», Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті «Педагогика және психология» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, университеттің «Білім берудегі инновациялар және цифрлық оқыту» орталығының ғылыми жетекшісі С. Бахишева, «21 век. Онтология образования цифровой эпохи» тақырыбында педагогика ғылымының кандидаты Л.Обыденкиной дайындаған ақпараттарын ұсынды.

«Мектеп директоры жұмысының негізгі көрсеткіштерін анықтау және өлшеу» жайында Орал қаласындағы НЗМ директоры А.Айтпукешев, «Тектілік феномені: дәстүр мен жаҺандану» тақырыбында М.Өтемісов атындағы БҚУ, доцент, тарих ғылымдарының кандитаты Ж.Жақсығалиев, «Жасанды интеллект құралдарын жүйелі түрде ендіру арқылы жобалық кеңсе мен мақсатты мектептер сапасын арттыру» туралы Edata.kz компаниясының директоры С. Кенжеханұлы, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы құндылықтарын пән мазмұнына кіріктіру» тақырыбында филология ғылымдарының кандидаты М.Медетбекова әңгімеледі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий