Павлодар облысы: Ұлттық мұра – болашақтың қайнар көзі

Баянауыл ауданындағы Қ.Кемеңгеровтің есімін иеленген жалпы орта білім беретін мектептің базасында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын іске асыру мақсатындағы “Ұлттық мұра – болашақтың қайнар көзі” тақырыбында облыстық семинары ұйымдастырылды. Бұл басқосуға облыстық білім басқармасының бас маманы Гульсим Рамазанова, облыстық Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатының директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары Гульдана Темиржанова қатысты, – деп хабарлайды Павлодар облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар іс-шараға Ақсу қаласы, Аққулы, Ақтоғай, Тереңкөл, Шарбақты, Май, Баянауыл, Павлодар аудандарының білім бөлімдерінің әдіскерлері мен білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары да арнайы шақырылған болатын. Семинарда Баянауыл ауданының білім беру ұйымдарындағы “Біртұтас тәрбие” бағдарламасындағы бағыттарының жүзеге асырылуын көрсететін тәрбие сағаттарымен Қ.Кемеңгеров, Д.Рахметов және Үшқұлын мектептері бөлісті. Майқайың өнер мектебі фетр материалымен шеберлік сағатын көрсетті. Шадыра мектебі оқушылар жасаған қол өнер көрмесін ұсынды.

Қ.Кемеңгеров мектебі “Әкелер” және “Мирас” ұлдар клубындағы асық ойнау, садақ ату шеберліктерін ортаға салды. “Ұл бала – ұлт болашағы” шеберлік сағатында мектептің технология пәні мұғалімі Ерлан Аблешов сүйектен түрлі бұйымдар жасау техникасын көрсетіп, көрме қойды. “Әкелер” клубының мүшелері жеті қазынаға кіретін тазы итінің тарихын, қыран бүркіттің маңыздылығы мен қазақ халқында күнделікті тұрмыста қолданылуы туралы тарихқа сүйеніп ақпарат берді. Баянауыл аудандық білім бөліміне қарасты мобильді топтың “Мектепке дейінгі ұйымдарда ұлттық ойындар арқылы тәрбиелеудің ұтымды әдістері” тақырыбындағы шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий