Маңғыстау облысы: Лицей шәкірті өңірдің үздік оқушысы
Ақтау қаласындағы мамандандырылған IT лицейдің 10-сынып оқушысы Бутантаев Рамазан талантты жастардың жетістіктерін анықталатын жыл сайынғы «Жас қыран – 2024» қалалық жастар сыйлығының «Үздік оқушы» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Ол жеке жетістіктері мектеп қабырғасынан тысқары шыққан ерекше оқушы және еліміздегі лингвистика бойынша олимпиадалық құрамасының тұрақты мүшесі ретінде жыл сайын көшбасында келеді, – деп хабарлайды Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Өткен жылы ол Азия-Тынық мұхиты олимпиадасына қатысып, еліміздегі үздік қатысушылардың қатарына енді және Түрікменстандағы халықаралық математика байқауында қола жүлдемен марапатталды. Бұл жетістіктер оның ғылымның әртүрлі салаларында терең білімге ие екендігене нақты дәлел. «Жас қыран – 2024» сыйлығы оның тек оқу жетістіктерін ғана емес, сонымен қатар жастардың зияткерлік әлеуетін дамытуға қосқан үлесін де мойындағанын білдіреді.
Загрузка...«Үздік оқушы» аталымында бақ сынаған үміткерлердің арасындағы бәсекелестік өте жоғары болды, бірақ Рамазанның жетістіктері оны қатарластарының арасынан ерекшелендірді. – Бұл марапат мен үшін жаңа биіктерге ұмтылуға күш-жігер сыйлайды. Мұғалімдеріме, мектебіме және отбасымма қолдау көрсеткені үшін алғысым шексіз. Халықаралық олимпиадаларға қатысу мені ғылымға кеңінен қарауға, өзімді дамытуға және тәуелсіз мемлекетіміздің атынан әлемдік деңгейде өнер көрсетуге үйретеді, — дейді ол.