Біртұтас тәрбие: Бірегей бағдарламаның оқу үдерісімен ұштасуы

«Тәрбиенің негізгі мақсаты – мінезді түзеу, адамшылыққа қызмет ету, адал еңбек ете білуге тәрбиелеу», – деген Жүсіпбек Аймауытұлы. Біртұтас ата- ана тәрбиесі – зорлық-зомбылықсыз тәрбие. Жасөспірімді және одан үлкен сынып оқушысын біртұтас тәрбиелеудің басты мақсаты – тәрбиешіге қажет және мемлекет пен қоғамның мүдделерін білдіретін қасиеттерді дамыту болуы керек. Бұл ретте тәрбие мен оқытудың арақатынасы өзгереді. Өскелең ұрпақты адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу – барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз – жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы.

Тәрбие мен оқыту – өзара тығыз байланыста, бір-бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. Мектептегі тәрбие пән мазмұны, сынып сағаттарының және мектептен, сыныптан тыс қосымша білім беру мазмұны арқылы жүзеге асады. Өркениетті ел болудың басты шарты – тәрбие. Кез келген мемлекеттің дамуы жалпыұлттық тәрбиеге, отбасылық тәрбиеге, білім беру ұйымдарындағы тәрбиеге негізделеді. Тәрбиенің дұрыс бағытта берілгендігін уақыт көрсетеді. Тәрбие – үздіксіз, ұзақ процесс. Қоғамдағы ақ халатты абзал жандардың қателігі бірден көрінеді, ал ата-ана мен мұғалімнің берген тәрбиесі уақытпен көрінеді.

Қоғамға пайдасыз, арсыз, жалқау, екіжүзді, жалтақ адамды тәрбиелегеніңді көргенде ұлтқа қиянат емей немене?! Осы тұста Алаш арысы Мағжан Жұмабаевтың мына сөздері ойға оралады: «Бала аурулы зағып болса, баладан емес, тәрбиешіден. Бала тар ойлы, ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі. Бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мақау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы». «Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші көтерсін», – деген Иран елінің мәтелі өте дұрыс айтылған. Тәрбие мен оқыту – өзара тығыз байланысты, бір бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие пән мазмұны, сынып сағаттарының және мектептен, сыныптан тыс қосымша білім беру мазмұны арқылы жүзеге асады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қасиетті Түркістан қаласында ұйымдастырылған «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты ұлттық құрылтайдың екінші басқосуына сөйлеген сөзінде: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл – үлкендердің кінәсі», – дей келе, Әділетті Қазақстанды құру үшін бүкіл қоғам болып жұмылу керектігін, ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажеттігін, халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруі тиіс екендігін; әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер болатындығын нақты атап айтты.

Іс-шара барысында қатысушылар оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда білім беру ұйымдарындағы 2023-2024 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысының беталысын, құндылықтар негізінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерін, білім алушылардың бойында құндылықтарды пәндік мазмұн, сынып сағаттары мен сыныптан тыс әлеуметтік тәжірибелер арқылы дарытудың әдіс-тәсілдерін меңгеріп, өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салып, ертеңгі ұрпақты жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға етіп тәрбиелеудің тиімді жолдарын талқылады. Сондықтан, қандай жағдай болмасын, бала өмірінің қауіпсіздігіне көп көңіл бөлуіміз керек.

Жан-жақты дамыған тұлғаның қалыптасуына тек сабақтық және сыныптан тыс жұмыстардың өзара байланысы арқылы ғана қол жеткізуге болады. Бұл білім алушыларға жеке көзқарасты жүзеге асырудың және олардың танымдық қажеттіліктерін ескерудің маңызды құралы болып табылады. Тек сабақтық және сыныптан тыс жұмыстардың өзара байланысында ғана ықпал ететін жағдайлар жасалады: оқушының оқу пәні ретіндегі белсенділігін арттыру; педагогтер мен оқушылар арасындағы шығармашылық ынтымақтастыққа; оқушылардың іс-әрекетін жетістікке бағыттау; білім беру үдерісін ұйымдастыру нысандарының, қызмет құралдары мен шарттарының өзгермелілігі; жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру.

Ата-ана мен баланың арасындағы мәселені байыппен, байсалмен тыңдай отырып белгілі бір шешімге келу арқылы анық басатын қадамды ұсынуға болады. Ақыл-кеңес берілмейді, бұл жерде тек бағыттап, өздері дұрыс шешім қабылдай алатын жағдайға жеткізу керек. Өмірінің мәні мен сәні – баласының болашағы екенін түсінген кезде, кикілжіңдер мен ашуға бой алдырмайды. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы үйлесімді және саламатты қоғам құру жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Күтілетін нәтижелер әрбір баланың жеке дамуына ғана емес, жалпы қоғамның жай-күйіне де әсер етеді. Осы бағдарлама ұсынып отырған тәрбиеге интеграцияланған көзқарас қазіргі заманғы әлемде табысты өмір сүру үшін қажетті дағдылар мен қасиеттерге ие болашақ ұрпақты қалыптастыруға перспективалар жасайды. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру уақыт талабына жауап беріп қана қоймай, өскелең ұрпақтың үйлесімді әрі жан-жақты дамуына берік іргетас қалайды.

Гульбарам КАЛЕНОВА,
Білім бөліміндегі тәрбие ісі жөніндегі
әдіскер, 
әдістемелік кабинеттің меңгерушісі,
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий