Пән сабақтарында оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру
Педагогтердің шығармашылық дамуы мен кәсіби өсуі үшін курстан кейінгі қолдаудың маңыздылығы зор. Биылғы желтоқсан айының 11-і күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясында Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалының аға оқытушысы Марал Адилханованың жетекшілігімен педагогтерді курстан кейінгі қолдау мақсатында «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» сабақтарында оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында ұйымдастырылған семинарға қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері офлайн және онлайн форматта қатысты.
Іс-шарада оқушылардың мәтіндерді оқу, түсіну және ақпаратты интерпретациялау қабілетін дамыту, әдеби шығармаларды, түрлі типтегі мәтіндерді түсіну, ақпаратты талдау және синтездеу, білім алушылардың оқу дағдыларын дамытудағы жүйелі тәсілдер талданды. Біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтер – Г.Жәкенова, Т.Жоланова, С.Мамбетрзаева, Ж.Разакова, А.Шамғонова, А.Молданиязова оқу сауаттылығы тұжырымдамасында сипатталатын когнитивті процестер: мəтіннен ақпаратты табу, түсіну, бағалау жəне рефлексия, әдеби тіл нормасын, тіл мәдениетін қалыптастыруда көркем шығарманың рөлі, ұлттық мүдде, оқушының дұрыс жазу дағдысын қалыптастыру, қазақ тілі сабақтарында оқушының айтылым және оқылым дағдыларын дамыту, мәтінмен жұмыс істеудің тиімді тәсілдерімен бөлісті.
Семинарға қатысушылар тәжірибені дамытудың басым бағыттарын анықтап, педагогтің кәсіби өсуіндегі іс-шараның өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтті.
Гүлназ ОРЫНҒАЛИЕВА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институтының IT маманы







