Халық бірлігі – елдің мызғымас негізі
Алматы қаласы білім басқармасының 2024 жылға арналған Медиа –жоспарының іс-шарасын орындау мақсатында және дәстүрлі түрде Әди Шәріповтың 112 жылдығын мерекелеу қарсаңында Алматы қаласы Алмалы ауданы Ә.Шәріпов атындағы №16 мектеп –гимназиясында “Халық бірлігі – елдің мызғымас негізі” атты зияткерлік марафон салтанатты іс-шарасы өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру және тәрбиелеу.
Әди Шәріпов – қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетіне айтарлықтай үлес қосқан көрнекті жазушы, педагог-ғалым, даңқты партизан және мемлекет қайраткері. Оның шығармашылығы мен қызметі қазақ руханиятының дамуына үлкен ықпал етті. Әди Шәріпов өз дәуірінің қоғам қайраткері ретінде халқына адал қызмет етіп, артында мол мұра қалдырған тұлға. Оның шығармашылығы мен еңбегі жас ұрпақты тәрбиелеуде, патриоттық сезімдерін оятуда ерекше рөл атқарады. Бүгінде Әди Шәріповтің есімі мектептерге, көшелерге беріліп, әдеби мұрасы зерттелуде. Оның өмірі мен шығармашылығы – қазақ руханиятының даму жолындағы биік шыңдардың бірі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы №497 қаулысымен Алматы қаласының №16 жалпы білім беретін мектебіне мемлекеттік және қоғам қайраткері, жазушы, партизан ҰОС батыры Әди Шәріповтың есімі берілді.
2004 жылдың сәуір айында, мектепте Әди Шәріповтің мұражайы өз есігін ашты. Жұбайы Клара Жагипаровна Мынжасарова мұражай экспонаттарының көпшілігін мектепке сыйға тартты. Мектеп мұражайы, көрнекті мемлекет қайраткері, белгілі жазушы, Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі және ғалым Әди Шәріпов мемлекетіміздің, қаламыздың және мектептің игілігі болып табылады.
Алматы қаласы білім басқармасының 2024 жылға арналған Медиа –жоспарының іс-шарасын орындау мақсатында және дәстүрлі түрде Әди Шәріповтың 112 жылдығын мерекелеу қарсаңында Алматы қаласы Алмалы ауданы Әди Шәріпов атындағы №16 мектеп–гимназиясындамектеп директоры А.З. Момынкулованың ұйымдастырумен“Халық бірлігі – елдің мызғымас негізі“ атты зияткерлік марафон салтанатты іс-шарасы болды. Іс-шара аясында мұражайға экскурсиялар, Әди Шәріповтың жұбайы Клара Жағыпаровна Мыңжасаровамен сұхбат, конференциялар, көрмелер, “Жақсылыкқа –жаралған жүрек атты» (Сырбай Мәуленов) музыкалық бағдарламасы өтілді.
“Халық бірлігі – елдің мызғымас негізі” атты зияткерлік марафон мектебімізде бір ай уақыт 1-11 сынып аралығында өтті. Марафон аясында Әди Шәріпов мұражайында 1-сынып оқушылары салтанатты түрде ант қабылданып, Шәріповшілер қатарына қосылады. Бұл дәстүр 2007 жылданкеле жатқан үрдіс. Патриоттық тәрбиені қалыптастыру мақсатында “Біз Шәріповшілерміз” әскери-патриоттық клубы белсенді жұмыс жүргізеді. Мақсаты: Оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру және тәрбиелеу болып табылады..
Ұлт руханиятының дамуына елеулі үлес қосқан Әди Шәріповтің өмірі мен шығармашылығын дәріптеу, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды жаңғырта отырып, ел бірлігін нығайту болды. Әди Шәріповтің ұлттық бірлік пен елдік мүдде туралы ойлары жастарға өнеге ретінде ұсынылды. Шара барысында жазушының шығармашылығы ел болашағына қызмет етудің жарқын үлгісі ретінде көрсетілді.
Іс-шара бірнеше маңызды кезеңнен тұрды. Шараның басында жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстыратын мектептегі мұражайға саяхат ұйымдастырылды.
Жеке оқу кабинетінде қараша айында өткізілген «Жақсылыққа жаралған жүрек» атты Әди Шәріпов атындағы шығармашылық олимпиаданың қорытынды марапаттау рәсімі өткізілді. Марафон қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қ.О. Сағатбекованың бастамасыменөтті. Әди Шәріпов – қазақ әдебиетінің жарқын өкілдерінің бірі. Оның шығармалары мейірімділік, адамгершілік пен ізгілікке толы. Осы олимпиаданы ‘Жақсылыққа жаралған жүрек’ деп аталды, өйткені бұл оның рухани мұрасын жас ұрпаққа жеткізудің бір жолы. Биылғы жылы Әди Шәріпов атындағы “Жақсылыққа жаралған жүрек” олимпиадасы алғаш рет өткізілді. Олимпиаданың басты мақсаты – ұлы тұлғаның шығармашылығын насихаттау, жас ұрпақты ізгілік пен адамгершілікке баулу, жас дарындарды қолдау, олардың шығармашылық талантын ашу және Әди Шәріповтің мұрасын тереңірек зерттеп, насихаттау болды. Қазылар алқасының шешімі бойынша, үздік жұмыстар анықталды. Жеңімпаздар түрлі аталымдар бойынша өз шығармашылықжұмыстарын таныстырды. Олар: «Шығармашылықшеберлік» , «Көркем сөз оқу шебері», «Зерттеуші рух», «Заманның заңғар тұлғасы». Оқушылардың ерекше еңбектері бағаланды.
Шараның шығармашылық бөлімі ретінде «Жас өркен» театрүйірмесінің жас таланттары жазушының белгілі туындыларынан үзінділерді сахналады.Театр қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Г.М.Танатова, бастауыш сынып мұғалімі А.М.Қуандықова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.М.Қапыштың жетекшілігімен іске асты. Қойылымдар Әди Шәріповтің шығармашылығын жаңа қырынан ашып, оның әдебиеттегі бейнесін бүгінгі заманмен ұштастырды. Сонымен қатар талантты оқушылардың музыкалық әндері ерекшелігімен көрермендерді тәнті етті.
Шараға қатысушылар Әди Шәріпов шығармашылығының тәлімдік маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар іс-шараға қатысып отырған Әди Шәріповтің жары Клара Жагипаровна да өзінің жарымен өткізген жылдарын сағына еске алып, қызықты естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ Клара Жагипаровна ғалымды жоқтатпай, мерейлі мерекесін арнайы атап өтіп жатқан мектеп ұжымы мен мектеп оқушыларына өзінің ыстық ықыласы мен лебізін айтып, ризашылығын білдірді.
Ұйымдастырушылар бұл шараның ел бірлігі мен татулығын дәріптеуде маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Сонымен қатар, Әди Шәріповтің мұрасын келешек ұрпаққа жеткізуде мұндай шаралардың маңыздылығы ерекше екенін айтты.
Әди Шәріпов – қазақ халқының рухани әлемін байытып, ұлттық құндылықтарды насихаттаған ұлы тұлға. Оның есімі ел тарихында мәңгі сақталады. “Халықтың бірлігі – елдің мызғымас тірегі” атты іс-шара арқылы жазушының мұрасы өскелең ұрпаққа жеткізіліп, ел бірлігі мен тұрақтылығының мәңгілік маңызы қайтадан жаңғырды.
Әди Шәріпов қазақ әдебиеті мен қоғамына үлкен мұра қалдырды. Оның шығармалары халықтың рухани өмірінде ерекше орын алады. Жазушының туындылары жас ұрпақты адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеуде маңызды құрал ретінде бағаланады.
Сағатбекова Құралай Оразқызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ә.Шәріпов ат. № 16 мектеп-гимназия, Алматы қаласы
Загрузка...