Ғани Бейсембаев балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді

Ғани Бейсембаевтың төрағалығымен өткен ҚР Оқу-ағарту министрлігі жанындағы Ведомствоаралық комиссия отырысында мектепке дейінгі білім беру және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Оған уәкілетті мемлекеттік органдардың вице-министрлері, облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Отырыс барысында Ведомствоаралық комиссия мүшелері балаларды сапалы мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету және балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру мәселелерін қарастырды.

Жиын нәтижесі бойынша министр балаларды сапалы мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз ету, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту жөніндегі шараларды күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Балалардың қауіпсіздігі мәселелеріне, кешенді жоспар іс-шараларының сапалы және уақтылы орындалуына ерекше назар аударылды.

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий