Ұлағатты ұстазбен кездесу
Жалпы білім беретін мекемелердің іс-әрекетінің нәтижелілігі, ең алдымен, мұғалімге байланысты. Оның жеке тұлғалық қасиеттері, педагогикалық білігі, адамгершілігі мен ақыл-ой парасаты, педагогикалық мәселелерді шешуде шығармашылық ізденіске бой алдыруы, өнегесі, денсаулығы мен рухани байлығы қоғамдық-әлеуметтік алғышарттар болып табылады. Мұғалімді дайындау, ең алдымен, әрбір педагог маманның бойында жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Бұл – ұзақ та күрделі процесс.
Алайда, оның негізі педагогикалық оқу орнында қаланады. Осындай мақсатта ұйымдастырылған іс-шараның бірі – Астана Халықаралық Университетінде бас қаланың №111 жайлы мектебінің ұлағатты ұстазы Назым Сейтовамен өткізілген «Қонақ» дәрісі. «Әлемде қаншама мамандық бар, мамандықтың бәрі жақсы, тек таңдай біл» дегендей, нағыз мамандық шебері, өз қалауы және басқа таңдауы да болмаған ұстаздың 42 жыл бойы тек бастауыш сыныптарда жас бүлдіршіндерге сабақ беруі оның ұстаздыққа деген махаббатын дәлелдейді. Арманы орындалып, соның нәтижесінде ұлағатты ұстазға айналған Назым Әмірбекқызы жас кезінен-ақ ұлықтауға лайық жан.
Бір емес, бірнеше мәрте өз тәжірибесі мен жетістігін заманауи тұрғыда шынайы да шебер әдістерімен университет қабырғасында «Бастауыш сыныпта оқытудың тиімді әдістері» атты «Қонақ» дәрістерін өткізіп жүр. Бұл дегеніміз – бүгінгі таңда теория мен тәжірибенің ұштасуы болашақ ұстаздар үшін аса қажет әрі маңызға ие екенін көрсетеді. Әрбір жас болашақ ұстаздың өзінің кәсіби қызметіне деген қызығушылығы мен шеберлігін тереңірек сезініп, мамандығына деген жауапкершілігі арта түседі. Қазіргі таңда YouTube және басқа да әлеуметтік желілерде көптеген дәрістерді көруге болады. Дегенмен, кейіпкермен бірлесіп өткізілген дәріс барысында болашақ ұстаздармен бетпе-бет сұхбаттасуы әрі тәжірибе алмасуы олардың кәсіби тұрғыда шыңдала түсуіне зор ықпал етеді.
Назым Әмірбекқызының шебер де үлгілі ұстаз болуы – оның тынымсыз еңбегінің, сабақ өту тәсілдерінің жан-жақты, қызықты әрі тиімді болуының, әрдайым ізденісте болуының жемісі. Тамыры тереңде, бала күнінен ұстаз отбасында тәрбиеленіп өскен ұстазды «ұстаз көрген» деп, мейірімді әрі шәкірттеріне шапағат шаша білген, туа біткен ұстаз деуге болады. Университет қабырғасындағы әдістемелерінің қай-қайсысы да жай сабақ емес, шәкірт жүрегіне жол таба білген ерекше сабақтар. Олардың қатарында сахналық көріністер мен әртүрлі әдіс-тәсілдер бар, мысалы, «Ы. Алтынсарин» әңгімесінің сахналық көрініс түрінде өтуі немесе математика сабағында оқушылардың логикалық түрде өз бетімен жұмыс істей білуіне ықпал етуі айрықша атап өтуге тұрарлық.
Осы орайда қонағымыз өз тәжірибесінде қолданатын әдістерді мысалға келтірсек:
Антена ойыны. Бұл терминді нақтырақ түсіндіру үшін қосымша контекст қажет. Егер бұл ойын сергіту немесе команда құру мақсатында қолданылса, ол көбінесе адамдардың назарын шоғырландыруға және белсенділікті арттыруға бағытталады.
Интеллектуалды ойын. Ақыл-ой қабілеттерін дамытуға бағытталған ойын түрі. Мысалы, шахмат, викториналар, «Брейн-ринг», сонымен қатар «Не? Қайда? Қашан?» сияқты ойындар. Бұл ойындар зияткерлік біліммен логикалық ойлауды жетілдіруге көмектеседі.
Ментальды карта. Ақпаратты графикалық түрде құрылымдап, есте сақтау және идеяларды жүйелеу үшін қолданылады. Бұл әдіс шығармашылық ойлауды, жоспарлауды және идеяларды визуализациялауды жақсартады. Ағылшын тілінде mind mapдеп аталады.
Рөлдік ойын. Бұл қатысушыларға әртүрлі рөлдерді орындап, нақты немесе ойдан шығарылған жағдайларды модельдеуге мүмкіндік беретін әдіс. Оқыту мен дамытудың тиімді құралы ретінде рөлдік ойындар жиі мектептерде, университеттерде және тренингтерде қолданылады. Мысалы, мұғалім мен оқушының, дәрігермен пациенттің рөлдерін ойнау.
Барша ұстаздық есігін ашып отырған жас мамандарға үлгі етуге тұрарлық тамаша кеш болды. «Қонақ» дәрістерін өткізудің рөлі мектеп пен университет арасындағы байланысты нығайтудың бірден-бір басты жолы екендігінің дәлелі. Осындай ұлағатты ұстаздардың кәсіби бағдар беруде өз тәжірибелерімен бөлісуі маңызды. Бұл болашақ мұғалімдердің кәсіби бағдарларын жетілдіруіне оң ықпалын тигізеді.
С.КОШИМБЕТОВА,
Астана Халықаралық университетінің профессоры, іс-шараны ұйымдастырушы
