Солтүстік Қазақстан облысы: Сәкеннің көзіндей көк мектеп

Биыл қазақ әдебиетінің құлагері Сә­кен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толды. Ақынның әдеби мұрасынан бө­лек артында атқарған игі істері қалды. Тайынша ауданына қарасты Аймақ деп аталатын шағын ауылдың тамыры тереңде жатыр. Бұл ауылдың іргетасы­ның қалануына, ондағы білім ошағы­ның салынуына қазақтың біртуар ақы­ны Сәкен Сейфуллиннің үлес қосқанын барлық жерлестеріміз орынды мақтан тұтады, – деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі. 

Өкінішке қарай, Сәкен салған ағаш мектептің ғимараты кейін өр­теніп кеткен. Бұл туралы ақынның жары: – Алпысыншы жылдардың бас кезінде сол мектеп өртеніп кетті деп естідім, – деп жазған. Үлкендердің айтуынша, мек­теп отқа оранып, оның орнына 1961 жылы қазіргі ғимарат салын­ған. Білім ошағы содан бері де 63 жылдай қызмет етіп келеді. Атауы да бірнеше рет өзгерді. Заман ағы­мына сай әр жылдары «Аймақ сегіз жылдық мектебі», «Октябрь негізгі мектебі», «Аймақ орталау мектебі» атанды, – дейді осы білім шаңырағының қазіргі директоры Ораз Құттықожа. 

– Қазіргі таңда «Аймақ негізгі мектебі» деген атауға ие. Жиырмадан астам ұстаз 59 оқушыны білім нәрімен су­сындатып, үлкен өмірге даярлау­да. Ғимарат бір қабатты. Бөлме­лері аз болғандықтан балалар екі ауысымда оқиды. Сәкен Сейфуллиннің көзін­дей болған көк мектеп әлі күнге дейін өз жұмысын тоқтатпай оқу­ға құштар өрендердің бірнеше буынын тәрбиелеп шығарды. 2027 жылы аталмыш білім ошағы ғасыр тойын атап өтеді. Мектебімізге күрделі жөндеу жүргізіліп, терезе мен есіктері ауыстырылып, жетіспейтін мұ­ғалімдер бөлмесі, кітапхана, ше­берхана, педагог-психолог каби­неттері ашылып, білім ордасына Сәкен Сейфуллиннің есімі беріл­се деген үкілі үмітіміз бар.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий