Инклюзивті оқушылардың сөздік қорын кеңейту және сөйлеу мәдениетін дамыту
Аннотация. Бұл мақалада инклюзивті сынып оқушыларының сөздік қорын кеңейту және сөйлеу мәдениетін дамыту мәселелері қарастырылады. Инклюзия білім беру жүйесінде ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың тілдік дағдыларын жетілдірудің маңызы зор. Мақалада сөздік қорды байыту, сөйлеу дағдыларын дамыту және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың тиімді әдістері мен тәсілдері ұсынылған. Дифференциалды оқыту, көрнекілік, ойын технологиялары және шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдысы қалыптасады.
Зерттеудің өзектілігі инклюзивті сынып оқушыларының қоғамда белсенді қарым-қатынас жасауы мен әлеуметтік бейімделуіне бағытталған. Мақала мұғалімдерге оқыту үдерісінде қолдануға болатын нақты әдістемелік ұсыныстар береді. Күтілетін нәтижелер ретінде оқушылардың сөздік қорының артуы, сөйлеу мәдениетінің қалыптасуы және олардың оқу процесіне қызығушылығының артуы көрсетілген. Кілт сөздер: инклюзия, сөздік қор, сөйлеу мәдениеті, дифференциалды оқыту, қазақ тілі.
Қазіргі білім беру жүйесінде инклюзивті сынып оқушыларының білім алуына ерекше назар аударылуда. Инклюзивті оқушыларға білім берудің жалпы жүйесіне кіріктіру олардың қоғамдағы орнын айқындап, жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Осы бағытта қазақ тілі сабақтарында оқушылардың сөздік қорын кеңейту мен сөйлеу мәдениетін дамыту аса маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Бұл мақалада инклюзивті сынып оқушыларының сөздік қорын байыту, сөйлеу дағдыларын жетілдіру және олардың коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру жолдары қарастырылады.
Инклюзивті сынып оқушылары түрлі деңгейдегі қажеттіліктерге ие. Бұл оқушылар арасында танымдық қабілеттері төмен, зейінін ұзақ шоғырландыруға қабілетсіз, психологиялық немесе физикалық ерекшеліктері бар балалар болуы мүмкін. Мұндай оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту үшін оқыту әдістерін икемді, түсінікті және қолжетімді түрде ұйымдастыру қажет. Инклюзивті сынып оқушыларында сөздік қордың жеткіліксіздігі жиі кездеседі. Олардың сөйлеу қабілеттері баяу дамуы немесе сөйлеу мәдениетінің төмен болуы мүмкін. Бұл олардың өзін еркін сезінуіне және қарым-қатынас жасауына кедергі келтіреді. Сондықтан мұғалімнің міндеті – әр оқушыға жеке тілдік қолдау көрсету.
Сөздік қор – адамның ойлау қабілетінің негізі, қарым-қатынас жасаудың басты құралы. Сөздік қор байлығы баланың ойын еркін жеткізуіне, мәтінді түсінуіне және жазу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті сынып оқушылары үшін сөздік қорды дамыту: тілдік қарым-қатынасты жеңілдетеді; оқуға және жазуға икемділікті арттырады; әлеуметтік бейімделуге ықпал етеді және өзін-өзі бағалауды көтереді. Мұндай оқушылардың сөздік қорын кеңейту үшін арнайы ойындар, көрнекі құралдар, аудио және видео материалдарды қолдану өте тиімді.
Сөйлеу мәдениеті – сөздерді дұрыс, анық және орынды қолдана білу қабілеті артады. Бұл мәдениеттің қалыптасуы баланың сөйлеу дағдыларын жетілдіру арқылы жүзеге асады. Инклюзивті сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетін дамыту келесі бағыттарда іске асырылуы мүмкін: тілдік жаттығулар; көрнекілік пен практикалық әдістер; ойын әдістері және шығармашылық тапсырмалар. Сабақ барысында қолданылатын әдіс-тәсілдердің бірі – дифференциалды оқыту. Инклюзивті сынып оқушыларының қажеттіліктеріне қарай тапсырмаларды икемдеу қажет. Мысалы, кейбір оқушыларға жеңіл сөздерді қайталау тапсырылса, басқаларына сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру ұсынылады.
Ойын технологиялары. Ойын арқылы оқыту баланың қызығушылығын арттырады және тілдік материалды жеңіл меңгеруге мүмкіндік береді. Әсіресе, лексикалық ойындар, драматизация және рөлдік ойындар тиімді. Көрнекілік әдістері. Көрнекілік – инклюзивті оқушылары үшін негізгі құралдардың бірі. Суреттер, бейнежазбалар және тақырыптық карточкалар сөздік қорды байытуға көмектеседі. Тыңдалым және айтылым жаттығулары. Оқушылардың тыңдау дағдысын дамыту үшін аудио жазбаларды тыңдату және оларды қайталау ұсынылады. Бұл әдіс сөздердің дұрыс айтылуын қалыптастырады.
Жеке жұмыс. Әр оқушының деңгейіне сәйкес жеке тапсырмалар беру мұғалімнің оқытудағы тиімді тәсілдерінің бірі. Инклюзивті сынып оқушыларын оқытуда қолданылатын әдістер педагогика және психология ғылымдарының соңғы жетістіктеріне сүйенеді. Инклюзивті сынып оқушыларының сөздік қорын кеңейту және сөйлеу мәдениетін дамыту – қазақ тілі мұғалімдері үшін маңызды міндеттердің бірі.
Бұл мақсатқа жету үшін әртүрлі оқыту әдістерін қолдану, көрнекілік пен ойын технологияларын пайдалану, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру қажет. Инклюзивті сыныптарда тілдік дағдыларды дамыту тек оқушылардың академиялық жетістіктеріне ғана емес, олардың қоғамға бейімделуіне, өз қабілеттерін дамытуға, өздерін еркін сезінуіне ықпал етеді. Осылайша, бұл бағыттағы жұмыс оқушылардың өмір сапасын арттыруға негіз болады.
Пайдаланылған әдебиеттер: Айтбаева А.Қ. Инклюзивті білім берудегі оқыту әдістері. – Алматы: «Білім», 2021; Құдайбергенова Ә.Т. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: жалпы және арнайы қажеттіліктері бар оқушыларға арналған. – Нұр-Сұлтан: «Фолиант», 2019; Мұқанова Б. Инклюзивті оқытудың педагогикалық негіздері. – Алматы: «Ғылым», 2020.
Тлеухор Куанышовна МАКИШЕВА,
Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп
лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі, Астана қаласы