Заманауи педагогикалық ғылым мен тәжірибедегі инновациялық әдістер

Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқушылардың білімі мен дағдыларын дамыту мақсатында жаңашыл әдістерді енгізуді талап етеді. Бұл әдістер білім алушылардың оқу процесіне белсенді қатысуын, шығармашылық қабілеттерін және функционалдық сауаттылықтарын дамытуға бағытталған. Осы мақсатта «Kreativti Qazaqstan» халықаралық ғылыми-әдістемелік орталығы 2025 жылдың 10-11 қаңтарында онлайн және офлайн форматта Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өткізді.

«Оқытудың интербелсенді әдістері арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияның өзектілігі бірнеше маңызды факторлармен айқындалады. Заманауи қоғамда білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту. Бұл олардың алған білімін күнделікті өмірде, түрлі жағдайларда тиімді қолдана білу қабілетін қамтиды. Интербелсенді әдістер осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды құрал саналады.
Жаңа замандағы талаптарға сай шығармашылық, сыни ойлау, коммуникативтілік және топта жұмыс жасау сияқты дағдыларды қалыптастыру білім беру саласының басым бағыттарының бірі. Интербелсенді оқыту әдістері осы дағдыларды дамытуда тиімді екені дәлелденген. Бұл әдістер оқушылардың оқу процесіне белсенді қатысуына, дербес ойлануына, бірлескен шешімдер қабылдауына ықпал етеді. Сонымен қатар, оқыту мазмұнына қызығушылықты арттырып, оқушылардың білім сапасын жақсартады.

Қазақстанның халықаралық деңгейдегі білім сапасы, соның ішінде PISA, TIMSS сияқты зерттеулерде көрсеткіштерін жақсарту қажеттілігі білім беру жүйесінде жаңа тәсілдер мен әдістерді енгізуді талап етеді. Конференция бұл бағытта тиімді тәжірибелер мен әдістерді бөлісу алаңы болды. Заманауи педагогикалық ғылым мен тәжірибеде интербелсенді әдістерді қолдану арқылы оқыту процесін жетілдіру және жаңғырту міндеті тұр. Бұл конференция мұғалімдерге инновациялық әдістерді үйренуге және қолдануға мүмкіндік берді.
Аталған конференцияға онлайн және офлайн форматты Түркістаннан, Қызылордадан, Батыс Қазақстаннан, Шымкен пен Тараздан, Шығыс Қазақстан облысынан, Жетісу өңірінен, Маңғыстау мен Батыс Қазақстаннан 70-тен астам жалпы орта және кәсіби білім педагогтары қатысты. Республикалық деңгейдегі конференция білім беру саласындағы ғалымдар, әдіскерлер мен тәжірибелі мұғалімдер арасында пікір алмасуға, озық тәжірибелерді таратуға жағдай жасады.

Қорытындылай келе, аталған конференция қазіргі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталған және функционалдық сауаттылықты қалыптастыру арқылы Қазақстанның білім беру сапасын арттыруға үлес қосуға бағытталған маңызды іс-шара болып табылады.
Мәрия ЖҰМАҚОЖАҚЫЗЫ,
ғалым-педагог