Қобыз – қазақтың қоңыр үні
Ежелгі қазақ сахарасында кең даланы мекендеген ержүрек халықтың қуанышы мен қасіретін, арманы мен мұңын аңырата егіз шекпен төкпелеген қобыз аспабының халқымыз үшін орны бөлек. Оның шығу тарихы жөнінде ақиқат пен аңыз қоса өрілгенде түп-төркіні тереңде жатыр десек қателеспейміз. Әрбір халықта өріс алған белгілі бір аспаптары болады. Сол өріс алған аспаптың біріне қобызды жатқызады.
«Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай елең-селең…», – деп Абай хакім айтқандай өлең мен жырдың, ән мен күйдің орны бөлек. Осы өлең жолдары арқылы халықтың көне жырларының орны бөлек ғана емес, ерекше әсерлі әуенді аспаптардың үнінде қосқан. Қобыздың үнінің ерекшелігі оның қоңырлығында. “Қоңыр” ұғымының халық музыкасындағы қолданысы аса терең болған.
Әсіресе күй тартқанда дыбыстың қоюлығына, жалпақтығына, жұмсақтығына, құлаққа жағымдылығына байланысты айтылған. Қобыз өзінің музыкалық аспаптардың тәңіріне баулайды. Оның қоңыр үні адамды елітеді. Халқымыз бұл аспапты адамның ұйып тыңдайтын аспабы екенін мақтан етеді. Әрине, мұндай ойдың жосығын ең алдымен сол кездегі тыңдаушының қобыз аспабына берген бағасы деп қабылдау қажет.
Қазақтан шыққан тұңғыш ғалым, аса көрнекті ағартушы демократ – Шоқан Уәлиханов өз ұлтының өнері мен тарихын зерттей отырып, қазақ музыкасының дамуына зор үлес қосты. Сондай-ақ, өзінің бірқатар еңбектерінде: – Қазақ даласында болған шаман-бақсылардың өнеріне ерекше назар аударған. Осы жерде бақсы мен шамандардың ұлт мәдениетіндегі елеулі тұлғалар екенін және көне дәстүрінің белгісі – бақсылық пен шамандық деп тұжырымдайды. Ал бақсының ажырамас аспабы — ежелгі қазақтың қара қобызы.
Қобыздың қыл ішегінде орындау қиын болса да, оның үні жағымды аспаптар тобына жатқызылады. Ал қобыздың жасалуы да ерекше. Қазақ қобызының ішегі жылқы қылынан жасалады. Сондықтан бұл аспап халық арасында қылқобыз атауымен танымал. Ал одан дыбыс ысқы арқылы шығарылады. Бұл үшін де жылқы қылы пайдаланылады. Сондықтан қыл қобыз ысқылы аспаптары тобына жатады.
Аспап жынғылдан, үйеңкі секілді ағаштан ойып жасалады. Қобыз бір көрерге қарапайым ғана аспап болғанымен, оның дәстүрлі үлгісін жасауға қойылар талғам-талаптар көп. Қобыз шабу үшін қайың, жыңғыл, емен, үйеңкі сияқты ағаштарды таңдайды. Осы жерде, ыспалы аспап- қылқобыз қазақта кең тараған музыкалық аспап екенін ерекше анғартады.
Айсұлу Жомартқызы САЙЛАУ,
Балалар өнер мектебінің қобыз сыныбы
оқытушысы, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы